Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 қараша, 2021295

Түркияда «Томирис» фильмінің желісінде сериал түсіріледі

Сақ ханшайымы туралы толықметражды тарихи туындыны Түркияның 200-ден астам кинотеатрларында көрсетілді. Режиссердің сөзінше, Түркия елі қазақ-түрік ұлты бірлесе «Томирис» фильмнің сюжеті бойынша сериал түсіруді ұсынған. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Осы жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жақында Ыстанбұлда өткен «Korkut Ata Turkic World Film Festival» түрік арнасының өкілдерімен кездесуінен кейін белгілі болды. Аталған басқосуға «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы – президенті Ақан Сатаев пен вице-президент Айдар Баталов та қатысты. Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асыратын болады.

Айта кетсек,  14 қараша күні салтанатты түрде басталған «Korkut Ata Turkic World Film Festival» түркітілдес әлемнің фильмдері жинақталып өткізіліп жатқан кинофестиваль. Қазақстандық кино қоржынан Ақан Сатаевтың «Томирис» картинасы кинокөрменің  шымылдығын ашты. 

Биыл Түркияның мәдениет және туризм министрлігі алғаш рет ұйымдастырған фестивальге 13 елден 42 кинокартина көрсетілді. Ал біздің кинематографиядан  Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» кинокартиналары және кішкентай көрермендер үшін «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі қатысқан.

Фестиваль барысында түркі әлемі елдерінің кинематография саласындағы ынтымақтастығын дамытуға тың серпін беретін маңызды құжатқа қол қойылды. Келісімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Әзірбайжан Республикасының мәдениет министрі Анар Керимов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов, «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов және Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсой қол қойды.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильм» киностудиясының басшылығымен бірге белгілі түрік кинематографистерімен және фестиваль қатысушыларымен кездесіп, бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Кинокөрменің жабылу салтанатында атақты түрік актрисасы Фахрие Эвджен «Қазақфильм» киностудиясының түркі әлеміне қосқан үлесі үшін арнайы «Respect Award» сыйлығын киностудия президенті – Ақан Сатаевқа табыстады. Келесі жылы фестиваль Түркияның Бурса қаласында өтеді. 2024 жылы оны Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кинофестиваль Түркістанда өткізілуі мүмкін екенін атап өтті.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы