Размер шрифта:

Цветовая схема:

02 наурыз, 2021621

«Ұлы дала таңы»: Қасым хан туралы жаңа фильм

Алматы қаласында тағы бір жаңа кинофильмнің түсірілімдері басталды. «Ұлы дала таңы / Рассвет великой степи» деп аталатын кинофильм не туралы болмақ?

Тарихи көркем фильм жанрында түсірілгелі жатқан жаңа кинотуынды еліміздің белді кинорежиссері Ақан Сатаевтың тағы бір еңбегі. Кинолента өндіруімен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы айналысатын болады. Фильмнің түсірілімдері ақпан айының 25- ші жұлдызында басталған. Түсірілім алаңы ретінде Алматы облысындағы Көктал ауылы таңдалған көрінеді. Көктем жақындағанымен, ауа-райының оқыстан суытуы түсірілім тобына қыс мезгілін түсіріп алуға зор мүмкіндік берген көрінеді. Күнтізбелік-қойылым жоспарына сәйкес, 2 күннен кейін шығармашылық топ түсірілімді жалғастыру үшін Кеген кентінің маңына көшеді.

«Ұлы дала таңы / Рассвет великой степи» кинолентасы Қазақ хандығында Қасым ханның билігі жүріп тұрған кезеңді көрсетеді. Сол жылдары халықтың жағдайы жақсарып, хәл-ауқатының тұрақты болған кезеңі орнықты. Мемлекет дамып, өркендеген уақыты болды. Сол кезде билік Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумақтарына бақылау орнатты. Осы жылдары қазақтар өз аумағынан тысқары жерлерде дербес этникалық қауымдастық ретінде танымал болды.

Фильм жоспар бойынша 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 5 ақпанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығынна орай дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар бүкіл халық үшін рухани серпін беруі тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл ретте руханият саласындағы жұмыс бірнеше бағытты қамтуы тиіс, олардың ішіндегі маңыздыларының бірі ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың мұрасын кеңінен таныту болды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы