Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 маусым, 202066

Биыл «Ұстаздың оралуы» фильмінің премьерасы өтпек

Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің туғанына биыл 1150 жыл толады. Осыған орай режиссер, продюсер әрі сценарист Сергей Азимов деректі фильм түсірді. Туындының өндірісі өткен жылдың соңында аяқталған. Фильм ұлы ғұламаның мерейтойына арналып, премьерасы биыл өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы kaztube.kz бейне-порталы Ұлттық қиноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтеме жасап жазады.

«Ұстаздың оралуы» деректі фильмі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бірінші питчингі аясында мемлекеттік қаржыландыруға ие болған еді. Режиссер әрі продюсер Сергей Азимовтың жасаған туындысы төрткүл дүниеге танымал әйгілі ойшыл, философ, данышпан Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық мұрасына арналған. Фильм сценарийін Сергей Азимов Ғалымқайыр Мутановпен бірігіп жазды. 

Деректі лентада ғұламаның тарихи отаны – қазақ даласына оралуы кезінде туындаған қиын сынақтары суреттеледі. Оның шығармашылығын фильм авторлары адамзаттың ең маңызды мәселелерінің бірі – бақытқа жету жолын іздеу тұрғысынан талдайды. 

Ұлы данышпан әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары биылғы жылы ЮНЕСКО-ның қамөорлығымен жүзеге асырылатын болады.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы