Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2021373

Үздік веб-сериалдар топтамасы

Қазіргі таңда қазақстандық киноиндустриямызда веб-сериалдар көптеп жарыққа шығуда. Ал олардың сапасы, сценарийлік мазмұны және мән-мағынасы өте ерекше. Көрермен арасында танымалдылыққа ие болған веб-сериалдар топтамасын назарыңызға ұсынамыз. Отандық өнімдерді тамашалап, өз бағаңызды беріңіз.

 «Всемогущий»

Отандық веб-сериал өте ерекше бір оқиғаны баяндайды. Блогер болуды армандайтын, танымал болуға ұмтылатын Ердеши атты джинның бастан кешкен оқиғалары. Ол өзіне көп адамдардың жазылғанын қалап, оқырмандарының барлық кез-келген арман тілегін орындауға уәде береді. Бірақ өзінің Джин екенін, олардың бұл әлемде бар екенін жасырып қалғысы келеді.

Ердешидің үлкен ағалары Мұрат пен Нүркен істің мұндай барысына үзілді-кесілді қарсы. Ағасына блог жүргізуге тыйым сала отырып, олар одан талисман – сиқырлы сырғаны алып ққояды. Ал бұл сиқырлы құралсыз ешқандай арман, тілек орындалмайды. Олардың барлығы керісінше орын алады. Бірақ Ердеши джин өз айтқанынан қайтпай, бір амалын ойлап тауады. Оның бастан өткерген шытырман оқиғалары дәл осы «Всемогущий» сериалында көрсетілетін болады.

Веб-сериалды жарыққа шығарған шығармашылыққа тоқталар болсақ. Идеяның авторлары. Нариман Абиев, Ерден Телемисов. Продюсерлері: Андрей Мануйлов, Ілияс Ахмет және  Нариман Абиев. Сценариін жазғандар: Ілияс Ахмет пен Ерден Телемисов. Қоюш- режиссері Ерден Телемисов. Қоюшы- операторы – Сәкен Битай. Прдюсері - Ерден Телемисов. Операторлары – Әлібек Шаменов және Ян Родионов. Монтажға жауапты: Ерасыл Байболов, Ерден Телемисоы және Владислав Шван. Дыбыс режиссерлері – Юлия Проскурякова мен Илья Коробейников.

Басты рөлдерді сомдағандар: Ерден Телемісов, Нұркен Тұматаев, Мұрат Мұқашев, Санжар Мәдиев, Ольга Ландина, Анастасия Бирючева, Эльдана Сатыалдиева, Берік Айтжанов, Ирина Леваднева, Кәрім Қадырбаев.

 «Однажды на районе»

Әрбір орталық пен қалада аты шулы аудандар болады. Сол ауданның тұрғындары мен тұрмыс- тіршілігі басқаларына ұқсамайды. Әрқашан шытырман оқиғаларға тап болатын бұл ауданның бөлек бір әлемі және  өзіндік колориті бар. Осы секілді оқиға келесі бір веб-телехикаяның жарыққа шығуана арқау болды. «Однажды на районе» деп аталатын отандық туынды 2000 жылдар кезіндегі Алматы қаласын суреттейді. Бір ауданда  туып, бірге өсіп келе жатқан, үнемі  қызықты әрі күлкілі, қайғылы және драмалық мұңға толы жағдайларға ұшырап жүретін  үш достың оқиғасы дәл осы кино тындыда көрсетілетін болады. Криминал мен мейірімділік қатар жүретін, достық пен дұшпандар бірге өмір сүретін бұл ауданның тарихын «Однажды на районе» сериалынан тамашалауға болады. Картинада: төбелес те, би де, ішімдік те, алаяқтық та кездеседі.

Жобаға Дархан Ақылбекұлы продюсерлік етті. Ал веб-сериалдың режиссері, идея мен сценарий авторы - Нұрсұлтан Жұмабеков. Креативті продюсері Жәнібек Мұртазин, ал операторлық жұмыстарға жауапты Саин Самалдықов. Атқарушы продюсер-Эля Искакова. Дыбысын өңдеген дыбыс режиссері Қайрат Қайырбеков, суретші-Олжас Әлменов. Басты рөлдерде: Эльтерес Нұржанов, Серік Шәріп және Ілияс Джапаров.

«Сержан братан»

Көрермендер үшін сүйікті сериалға айналған «Сержан братан» веб-туындысы. Әр бөлімі бірнеше миллион көрсетілім жинағат туынды сценариі де, актерлік ойын да, декорациялар мен әуен де ерекше. Отандық веб-сериалдар қатарындағы ең бір үздік әрі танымал сериалға тоқталып кетсек.

Сериалдағы оқиғалық желі бойынша, Сержан есімді басты кейіпкер жергілікті рэкитер. Ол өз ортасында абыройлы, көпшілік одан аяқ тартады. 90 жылдардағы ақша бопсалап, майда кәсіпкерлерді жолынан қағу Сержанның басты табыс көзі. Оның айы, күні жақындап қалған аяғы ауыр жұбайы мен кішкентай қызы бар. Күндердің бір күнінде оқыс жағдай орын алып, Сержан аурухана төсегіне таңылады. Осылайша, ол тура 23 жыл комаға түседі. Араға осыыншама уақыт салып өзіне келген Сержан 2021 жылға тседі. Әлем өзгеріп, заман дамыған. Қызы бой жетіп, ұлы ер жетеді. Айнадан қартайған түрін көрген Сержан болып жатқан дүниелерді оңай қабылдай қоймайды. Енді оның алдында талай тапсырмалар пайда болады. Олар: өз өмірін жаңадан бастау, отбасымен ара-қатынасты дұрыстау, ескі достарын тауып, алға қарай ұмтылу.

Жобаның атқарушы продюсері - Мағжанов Ади. Қоюшы-Оператор: Бағдат Аргинов, ал қоюшы-суретші: Арай Исаева. Сценарий авторлары: Әлішер Өтев, Сергей Литвченко. Екінші режиссер: Азиза Мансур. Костюмдер бойынша суретші Айтолқын Рустенбекова. Монтаж режиссері ретінде Айбын Ислам. Грим суретшісі болған - Шахида Мұхатаева. Ал кастинг бойынша директор - Мадияр Сарыбай. Рөлдерді сомдағандар: Рүстем Жаныаманов, Дулыға Ақмолда, Бейнұр Баймұхамбетов, Айжан Жұмабекова, Мадияр Ұлдахан, Гүлмира Жақилина, Ербол Әлмұханов, Жанель Серғазина, Асыл Ораз.

«SHEKER»

«SHEKER» - жастарға арналған заманауи телехикая. Веб-сериал қазіргі таңдағы қоғамда орын алып жатқан проблемалар мен стереотиптерден, жастар арасындағы түсініспеушіліктер мен арам пиғылдардан құралған әлемді көрсетеді.  

Туындының басты кейіпкері Алдияр есімді екінші курс студенті. Оның сабағы нашарлап, жоғары оқу орнының басшылығы студентті оқудан шығаруға шешім қабылдайды. Ол туралы қатал әкесі білсе, баласын аямайды. Мұны болдырмас үшін, Алдияр үлкен суммадағы қаражатты тек өзі ғана табуы тиіс. Ондай көп ақшаны аз уақытта қалай табу керектігін білмей дал болған Алдияр жұмыс қарастырады. Нәтижесінде, жас жігіт синтетикалық есірткі дүкенінің курьері болып жұмысқа орналасады. Аз уақыт ішінде біршама табысқа кенелген Алдияр мұндағы келген басты мақсатын ұмытады. Ақшаның пайда болуымен оның барлық арманы орындала бастайды. Соны бірі барлық жігіт қалайтын хас сұлу бойжеткен Алдиярды таңдайды. Оның өміріндегі проблемалар дәл осылай соңына жетеді ме? Әлде шытырман оқиға қызықты жалғасын табады ма? Оны «SHEKER» веб-сериалынан тамашалай аласыздар.

Жобаның режиссері – Айтөре Жолдасқали (Aitore). Идеялық авторларыы: Қуат Садықов пен  Арыстан Каунев. Сценарий жазғандар: Арыстан Каунев және Нұрсұлтан Жұмабеков. Креативті продюсерлері: Дархан Ақылбекұлы пен Арыстан Каунев. Атқарушы продюсері: Александр Ерещенко. Қоюшы-Операторы: Бағдат Аргинов, ал қоюшы-суретші: Әділ Абабахриев. Екінші режиссер ретінде Данияр Дүйсекенов жұмыс істеді. Монтажын жасағандар: Ерғазы Бегіліков  және Айтөре Жолдасқали. Гримге жауапты - Зарина Қасымова, ал костюмдер бойынша суретші - Әйгерім Ақылбек. Кастингке жауапты болған -  Анастасия Хисамова.

Басты рөлдерді сомдағандар: Азат Жұмәділ, Мәдина Кәкімсейітова, Шәріп Серік (Шакенти), Аңсар Ілиясов, Губашев Еркін, Қазыбаева Маржан және Есімбекова Даркен.

«ONLIVE»

Отандық реалити веб-сериал осыдан тура 10 жыл бұрын еліміздің бас қаласы Елордада түсірілген. Сериалдың басты кейіпкері - жас жігіт Бекболат. Ол өнер академиясының магистранты. Болашақ режиссер-документалист. Бекболат өзінің дипломдық жұмысын қорғауда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, өз профессорынан жаңа тапсырма алады. Бекболат қазіргі жастардың өмірі туралы деректі фильм түсіруі тиіс. Осы мақсатта ол өзінің досымен қарапайым күнделікті өмірді түсіре бастайды. Екеуі бірлесіп жұмыс істеуге кіресді. Оператор үнемі басты кейіпкерлердің қасында жүріп, болып жатқан әртүрлі дүинелерді түсіреді.  Фильм қызықты әрі тартымды болуы үшін, Бекболат өзінің ең жақын деген достарынан көмек сұрайды және оларды жобаның тұрақты кейіпкерлеріне айналдырады. Осылайша сериалдың болашақ кейіпкерлері пайда болады. Олар: Жасын және Бахонти. Жасын автокөліктерді жеткізу бизнесімен айналысады, өзінше батыл және сәнді жігіт. Бахонти-риясыз, мейірімді, адал және шынайы дос, тамаша әзілқой жігіт. Ол сауда орталықтарының бірінде несие менеджері болып жұмыс істейді. Осылайша сіз сериядағы барлық оқиғаларды жас режиссердің көзқарасы арқылы тамашалай аласыз және барлық оқиғалар негізінен жоғарыда аталған кейіпкерлермен байланысты болады.

Интернет сериалда бой көрскеткендер: Бекболат Увалиев, Жасын Қанбаев, Бахтияр Орынғазин, Гүлнар Біржанова, Айгерім Назымбекова, Жаухар Ахметова және тағы басқалары. Идеялық авторлар – Жасын Қанбаев және Батырхан Қуатбек. Продюсері – Жасын Қанбаев. Операторы – Ерболат Сәрсенбаев. Сценарий авторлары: Батырхан Қуатбек, Жасын Қанбаев, Бекболат Увалиев, және Бахтияр Орынғазин.

«АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ | ОРКЕСТР»

Әлемге сән мен мән қосатын әсем әуеннің өзіндік ерекшеліктері мол. Құлақтан кіріп, бойды алатын көркем әуеннің құдіреті сонша, адамды балаша қуантатын да, өксітіп жылататын да сол бәр әуен екені жасырын емес. Осы бір тамаша өнерге арнап талай еңбектер түсірілді. Солардың қатарында қазақстандық жаңа веб-сериал да бар. «ОРКЕСТР» деп аталатын телехикая өзгеше романтикаға толы. Музыка әлемін бар жан-дүниесімен сүйетін Сапар болашақта оркестр дирижері болуды армандайды. Бірақ жас жігіттің жолында талай қиындықтар мен кедергілер шығады. Онымен бірге Сапар өз махаббатын тауып, өзінің өмірлік серігін кезіктірді. Бірақ қос ғашықтың арасында әлі талай түсініспеушілік туады. Сапар осыншама арпалысты қалай жеңеді? Музыкаға деген жас жігіттің махаббаты оны қайда жетелейді?

Веб-сериалдағы басты рөлдерді сомдағандар: Даурен Серғазин, Қыран Төкеш, Ақерке Бүркітбай, Жасұлан Көпберген, Балтабай Сейітмамытов, Жандос Айтбасов, Индира Шынболатқызы, Данияр Базаркулов, Карина Кудекова және Михаил Токарев. Фильм продюсерлері: Бұхар Марат және Дархан Акылбек. Отандық туындының қоюшы - режиссері – Санжар Омаров. Екінші режиссер – Дидар Хайроллина. Сценарий авторлары: Алтынбек Қырықбаев, Бұхар Марат, Жәнібек Мұртазин және Санжар Омаров.

«Жайна»

«Жайна»- қазіргі қоғамдағы қыздар рөлін, олардың құқығы мен арман, тілегін ескеретін веб-туынды. Қыз бала кішкентай кезінен бастап «сен біреудің үйіне барасың, сол үйде өзіңді бұлай ерке ұстама», «сен ертеңгі анасың», «ұяң бол, үлкеннің көзіне тік қарама» деген сынды әңгімелер айтылса, қыз бала 18 жасқа тола салысымен «өз ер азаматыңды тезірек тап», «тезірек ана бол», «келін бол» деген тілектер пайда болады. Егерде 25 жастан кейін қыз баласы әлі тұрмыс құрып үлгермеген болса, ана атанбаған болса, онда ол қоғам үшін өте түсініксіз жан болып көрінеді. Бұл жасқа келген бойжеткендерді қоғам қабылдай алмайды. Тұрмысқа шығып, бала атанудан басқа қыз бала үшін қандай бақыт бар? Сериал осы сынды сұрақтарды көтереді. Веб-телехикаядағы басты кейіпкердің есімі Жайна. 27 жастағы Жайна белгілі-бір компанияда басшылық қызметте жұмыс істейді. Жеке өміріне басқалардың араласқанын қаламағанмен, өзгелер мұны елепте жатпайды. Олар үшін Жайнаның жеке өмірі өздерінің өмірінен де қызықтырақ. Жайна басқалардың айтқанын тыңдап, кез-келген жанмен отбасы құрып кетуді қаламайды. Оның әріқарайғы өмірі дәл осы сериалда жалғасын табады. Сериалдың шығармашылық топ: Режиссері - Евгений Паламарчук, жоба продюсері - Перизат Мырзахмет. Қоюшы продюсер ретінде жұмыс істеген - Велитченко Людмила. Басты рөлдерді: Индира Шынболатқызы, Азамат – Райым, Саят Мақұлбаев, Айкерім Қайратқызы, Қуаныш Қонысбеков сынды талантты актерлер сомдап шықты.

«Акимат қайда қарап отыр?»

Қаладағы қарапайым таксист көлігіне мінген кез-келген жолаушыға үкімет пен билікті жамандап, сынап отырады. Өзімен болған барлық сәтсіздіктері мен жолы болмағандығына тек билік кінәлі деп ойлайды. Бір күні жолда көлігі бұзылып, оған белгісіз көлік тоқтап, көмегін көрсетеді. Таксист Нышан оған өз шағымын айтып, тағы да билікті жаман атты етеді. Белгісіз жан оған қала әкімдігіне келуін сұрап, өзінің қаланың әкімі екендігін жеткізеді. Нышан әкімнің қабылдауында болғаннан кейін, енді бір ай бойы осы қаланың әкімі болып тағайындалғанын хабардар болады. Енді ол өзі айтқан проблемалардың шешімін тура бір айда табуы тиіс. Нышанның қолынан мұндай күрделі шаруа келе алды ма? Сериалды тамашалаңыз.

Басты рөлдерді сомдаған: Абунасыр Сериков, Фариза Дүйсенбі, Ринат Уалиев, Данияр Төлбасы және Мадина Оспан. Режиссері Мереке Мұқан.

«Сәке»

«САКЕ» веб-сериалы  – аудан әкімі Саят Саматұлының және оның қызметкерлерінің жұмысы туралы хикаяч. Бұл қызмет олар үшін оңай емес. Керісінше, өте жауапты әрі ерекше төзімділікті қажет етеді. Себебі, бүкіл ауданның өмірі оларға тікелей байланысты. Әкім Саят Саматұлы өз жұмысында әрдайым салқынқанды, күйзеліске төзімді болуы керек. Қарапайым тұрғындар мен азаматтардың проблемаларын және сонымен бірге өз проблемаларын шешу өте қиын болуы мүмкін. Міне, сол себепті де ол және оның әріптестері төтенше шаралар мен тәуекелге жиі баруға мәжбүр...

Сериалдық шығармашылық тобында қызмет еткендер. Жоба продюсері -Ақылбек Досжанов. Идеялық авторлары: Рүстем Омаров және Марат  Оралғазин. Режиссері – Олжас Нұрбай. Сценарист-Ильхан Ысқақбаев. Сценаристі -Ильхан Ысқақбаев. Әсем әуенмен әрлеген – дыбыс режиссері Назарбек.  Фильмде бой көрсеткен актерлер: Рүстем Омаров, Асан Мәжит, Нышанбек Жұбанаев,  Ерболат Әлқожа, Азамат Әбділдинов және Карина Кудекова.

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы