Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 тамыз, 202065

V Baiqonyr фестиваліне фильмдерді таңдау қалай жүреді?

Іріктеушілер  V Baiqonyr фестиваліне фильмдерді таңдау қалай жүретінін айтты. V Baiqonyr International short film festival 9-13 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Жақында кинофестивальге қатысушылар тізімі жарияланған болатын. Іріктеушілер Райымбек Әлжанов пен Еңлік Егеубаева фильмдердің селекциясы қалай өтетіні туралы ой бөліскен болатын.

"Бізге байқауға қатысушы атанған кинофильмдер жіберіледі, біз олардың әрқайсысын жете қараймыз, ерекше назарымызды салып саралаймыз.  Әрбір картинаның жеткізгісі келетін ойлары мен мақсаттарын анықтауға тырысамыз. Бірнеше күнде бір рет кеңес өткізіп, пікір алмасып, үздік болған картиналарға дауыс береміз", - деді режиссер Райымбек Әлжанов.

Оның айтуынша, іріктеушілердің өздері өтініш бермеген қатысушылардың қысқа метрлік кинофильмдері әріқарай ұсынылмайды. Мұнымен бағдарламалық директорлар айналысатын болады. 

"Бағдарламалық директорлар бағдарлама жасаудан да бөлек, кинофестивальдерге барып, қызықты қатысушыларды таңдап, өз іс-шараларына шақырады. Негізінен қысқа метрді шығармашылық жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер  көп түсіреді. Өнер университетінде оқып жүріп, құрдастарымның курстық, дипломдық жұмыстарын көруге мүмкіндігім бар екеніне қуаныштымын", - деп өз ойымен бөлісті жас кинотанушы Еңлік Егеубаева.

Жалпы іріктеу барысында қатаң критерийлер аса көп емес.  Мұндай іс-шаралардың барлық ұйымдастырушыларынан басқа: драматургиялық компонент, режиссерлік бірегейлік және өзектілік сынды тұстары отандық кино саласының қарқынды дамуы үшін маңызды бөлімдері екендігін аңғарып, ұмыт қалдырмаған жөн. Әрбір қатысушы өз еңбегі арқылы еліміздің кино саласының өркендеуіне үлкен үлесін қосып жатқандығын білуі шарт.

"Менің бағалау критерийлерім өте қарапайым: фильм әр түрлі көрермен үшін қызықты болуы керек. Жеке өзім менмендікті аса ұнатпаймын және эмоционалды болатын картиналар мен жобаларды жақсы көремін. Ең бастысы қарапайым бірақ ерекше дараланып тұруы қажет. Бұл менің пікірім. Екіншіден, мен авторлық еңбекке назар саламын, оның көз-қарасы, автордың ой-толғауы, оның картина түсірудегі мақсаты нақты болса, онда мен сондай кинофильмдер мен жобаларға ұуана дауыс беретін боламын", - деді Райымбек Әлжанов.

 

Baiqonyr ISFF қатысушылары негізінен студенттер немесе жаңадан бастап жатқан жас режиссерлер, сондықтан кино жобаларды таңдағанда үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені олардың жалпы сапасы өздеріне тікелей байланысты екендігін ұмытпаған жөн.

"Мұндай кинофестивальдерге қатысу-үлкен мотивация берері анық! Іріктеушілер қысқа метр көрсетілетінін немесе болмайтынын шешеді. Олар картинаның сапасына, шарықтау шегіне, актерлік құрамға, режиссерлік шешімге, операторлық жұмысқа, монтаждық процесске және ең бастысы сценарийге ерекше назар салады. Қазылар алқасы шамамен 30-ға жуық кинофильмдермен танысатын болады. Яғни, дәл осы кезеңде картинаның тағдыры шешіледі: оны қазылар алқасы бағалайды ма, ол көрерменге жетеді ме, марапатты ала ма оның барлығы уақыттың еншісінде", — деп атап өтті Еңлік Егеубаева.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  np.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы