Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 сәуір, 2020252

V Baiqonyr International Short Film фестиваліне өтінім қабылдау басталды

Отандық жас киногерлер үшін керемет мүмкіндік. V Baiqonyr International Short Film Festival жаңа қатысушылардың еңбектерін қабылдауды бастады.

V Baiqonyr International Short Film фестиваліне тіркеу 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін жүреді, әріқарай ақтық мәреге өткендердің тізімі жарияланады. Сценарийлердің питчингіне, ұлттық және музыкалық конкурстарға қатысуға ниет білдірушілер үшін дедлайн уақыты 2020 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады.

 

Биылғы жылы BISFF 5-тен тұрады:

 

Негізгі конкурс (ойын халықаралық қысқа метражды кино);

 

Ұлттық конкурс (ойын, деректі, анимациялық қысқа метражды кино);

 

Түркі халықтары үшін арнайы музыкалық бейне-ролик конкурсы (клипмейкерлер үшін);

 

Сценарийлер питчингі;

 

Мастер-класстар, воркшоптар және дөңгелек үстелдер;

 

V Baiqonyr International Short Film Festival жүлде қоры 28000$ құрайды.

 

Конкурсқа 2019 – 2020 жылдары аралығында түсірілген ұзақтығы 30 минуттан аспайтын қысқа метражды фильмдер қабылданады. Оны түрік халықтары арасынан шыққан продюсерлер мен режиссерлер түсіруі шарт. 

 

Үздік түркі халықтарының музыкалық бейне роликтерін анықтау үшін конкурсқа қатысуға 2019-2020 жылдары түрік халықтарының режиссерлері немесе продюсерлері түсірген, кинотеатрда көрсетуге техникалық жарамды музыкалық жұмыстары бойынша ұсыныс беруге мүмкіндіктері бар.

 

Сценарийлердің питчингінің конкурсына қатысуға 35 жасқа дейінгі отандық кинематографистер өтініш білдіре алады. Сценарийлер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Бір қатысушыдан немесе топтан тек қана бір өтініш қабылданады. Жұмыстар "Қысқа метражды ойын киносы" санатында – хронометражы 30 минутқа дейін қысқа метражды ойын фильмдерінің сценарийі желісінде қаралатын болады.

 

Фильм фестивальге іріктелген жағдайда міндетті түрде жұмысты қосымша ағылшын тілінде субтитрмен қайта ұсыну қажет. Ұлттық конкурсқа өткен фильмдер үшін фестивалдің серіктесі Kentai Enterprise ағылшын тілінде аударма мен субтитрлерді жасауға көмек ұсынып отыр. 

 

Baiqonyr ISFF қатысуға өтінімдер кинофестивальдің ресми сайтында қабылданады (baiqonyr.kz).

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы