Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 қыркүйек, 202016

V BAIQONYR ISFF онлайн - форматта өтетін болды

Еліміздің кино саласындағы айтулы оқиға саналатын "V BAIQONYR" фильм байқауы әр кино маманы үшін маңызды фестиваль екені айқын. Биылғы жылы орын алған әлемдік жағдайларға байланысты  V BAIQONYR International short film festival онлайн-форматында өтетін болды. Кинофестивальдің өтетін күні ретінде 10 және 11 қазан күндері белгіленіп отыр.

 2020 жылы ұйымдастырылып отырған BAIQONYR 5 Халықаралық кинофестивалінің қазылар алқасының құрамында ірі халықаралық киносмоторлардың өкілдері бар. Олар үздік шыққан қысқа метрлі кино жобалар мен талантты кинематографистерді таңдайтын болады.

 Биылғы жылғы кино байқаудың ең ерекше тұстары ретінде жоба ұйымдастырушыларының халықаралық және ұлттық байқауда сценарий питчингі мен музыкалық видео бағыттарын қосқанын айтуға болады. 

 V BAIQONYR ISFF құрамына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің кинематографистері бақ сынайтын болмақ. Жеңімпаздар 24 номинация бойынша анықталады.

 Сценарийлер питчингінің жеңімпазына өз жобасын іске асыру мақсатында Қазақстанның ең жетекші продюсерлерімен келісімшарт жасауға мүмкіндік берілетін болады. Байқау көрсетілімдерінен басқа, онлайн режимінде шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер және де кино саласы бойынша басқа да қызықты әрі пайдалы кездесулер ұйымдастырылады.

    BAIQONYR International Short Film Festival-бұл 2016 жылдан бастап әр жыл сайын өткізілетін халықаралық кинофестиваль. Байқау еліміздің өнер шаһарына айналған Алматы қаласынының төрінде қысқа метражды фильмдердің ішіндегі  ең үздігін анықтайды. BAIQONYR халықаралық кинофестивалінің қатысушысы атану тегін, ал жүлдегерлерге мүсінше  ғана табысталмай, сонымен қатар жастар үшін өздерін танытуға және өз шығармашылығын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. 

   Айта кетейік, алғашқы өткен BAIQONYR ISFF-да отандық жас киногер Шарипа Оразбаева өзінің  "Едоки картофеля" кинокартинасымен бас жүлдені жеңіп алды. Қазір режиссер толық метрлі картиналарды түсіріп, беделді халықаралық кинофестивальдерде ел намысын қорғауда.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы