Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 қазан, 2020605

«Видеомонтажер» деген кім?

Біз кинофильм тамашалаған сәтте оның монтажы мен құрылымына баса назар аудара бермейміз. Ал сол картинаның осындай дәрежеде көрсетілуі дәл осы монтажға тікелей байланысты екенінен хабардарсыз ба? Киноиндустрия мен телевизия өндірісінде аса көп айтыла бермейтін, бірақ өзіндік орны мен маңызы бар бұл сала туралы біз бен сіз не білеміз? «Видеомонтаж» өнері қай уақыттан бастау алды және қандай жолмен дамып келеді? Қазіргі таңда үздік табысқа кенелуге болатын мамандықтар қатарынан көрінген бұл кәсіп несімен ерекше? Бүгін біз осы сұрақтардың жауабын іздейтін боламыз.

Монтажер-шығармашылыққа жақын техникалық мамандық.  Экрандағы сиқырдың пайда болуы дәл осы мантаж мамандарына тікелей байланысты. Бұл өнердің арқасында актер жанған оттан аман шығып, судан құрғақ болады.  Монтаждаушы - белгілі-бір техникалық құралдардың көмегімен аудио, кино және бейнежазбалардың жекелеген фрагменттерін композициялық біртұтас туындыға біріктіретін адам.

Бейне монтаж мамандары телевизия саласында, киностудияларда сұранысқа ие. Сонымен қоса, біршама компанияларға жарнама, бейне роликтер түсіру арқылы жеке өзінің брендіне жұмыс істей алады.

Шығу тарихы

Соңғы жүз жылдықта монтаж өнері қандай эволюциялық кезеңдерден өтті? Арнайы бағдарламаларсыз, компьютер мен ноутбук, керекті эффектілерсіз монтаж жасау мүмкін емес екені белгілі. Ал осыдан бірнеше жүз жыл алдын кино өнері қалай дамыды? Ол кездегі монтаж қалай жасалды?

screencraft.org

«Монтаж» бағыты ертеректе шықса да, оның ұғымы енді ғана актуалдылыққа ие болып келе жатыр. Тарихқа сүйенсек, бұл кәсіп XIX ғасырдың аяғында кинематография пайда болған кезеңмен тұспа-тұс келеді. Алайда сол кездегі қара түсті кинофильмдерде монтаж мүлде болмаған. 1889 жыл аталған бағыттың алғышарттары қалыптаса бастаған еді. Ол кезде монтаж мамандары белгілі-бір фотокарточкалардағы суреттерді рет-ретімен қойып, іс-қимылдың пайда болуына күш жұмсаған. Барлық процесс туынды режиссерінің қадағалауымен жүзеге асатын болған. Әлбетте, бұл толыққанды замануи монтаж ретінде саналмайды, десе де, түсірілген материалдың құрылымын өзгерту үрдісі сол кездің өзінде қалыптаса бастаған еді. Ол кездегі халық үшін картинада жәй ғана іс-қимылдың болғанының өзі дәл бір сиқырдай көрінген.  1986 жылы «The Arrival of a Train» картинасындағы жүріп келе жатқан поезды экраннан тамашалаған көрерменнің  зәресі ұшып, «бізді басып кетеді»,-деген айқай-шумен кинотеатрдан қашып кеткен көрінеді.

imdb.com

Ол кездегі кино шеберлері  фильмдерді тек бір планмен ғана түсіретін болған және оны толыққанды бір материал ретінде қабылдаған. Өз фильмінде нақты кімнің алғаш рет монтажды қолданғаны белгісіз, бірақ бұған байланысты көптеген нұсқалар бар. 1895 жылы режиссер Кларктың түсірген «Казнь Марии Королевы Шотландской» кинофильмі ерекше финалмен аяқталған еді. Соңғы сахналарында стоп кадрдың көмегімен адамды манекенмен ауыстырған бұл фильм сол кездегі көрермен үшін теңдессіз картиналардың бірі болған еді. Бірақ бұл жерде оператордың еңбегі зор екені анық байқалады.

mirf.ru

Монтаж тарихында өзіндік орын алатын Жорж Мальес. Ол – француз режиссері әрі цирк әртісі, әлемдік кинематографияның негізін қалаушылардың бірі, алғашқы кинорежиссерлердің өнертапқышы және кинофантастика өнерін жетік меңгерген үздік маман иесі. Оның кино әлеміндегі ең алғашқы және танымал еңбектерінің бірі ретінде «Айға саяхат / Путешествие на Луну / Le Voyage dans la Lune» кинолентасын айтуға болады. 1902 жылы түсірілген туынды әлемдік кинофантастиканың негізін қалап берді.

filmix.co

Мельес барлық картиналарында әртүрлі трюктар мен монтажды пайдаланған. Әлбетте, ол кездегі  «монтажды» толыққанды монтаж деуге де келмейтін еді. Бұл уақытта тек камераны тоқтатып, сахна ауысқаннан кейін барып, түсірілім жалғастырылатын болған. Бірақ мұндай идея жалғыз Мельеске ғана келмеген.  Басқа кино мамандары да бұл жаңашылдықтан хабардар болды. Алайда тек Жорж Мельестің ғана қолынан осындай ауқымды жобаларды жарыққа шұығару келген. Оның кино саласындағы  эфолюцияның авторы атануға қауқары жетті. Шамамен бір ғасыр бұрынғы кинофильмнің өзінде стоп-кадр әдісі,  кадр бойынша түсірілім, қос экпозиция және жеделдетілген әрі баяуланған кадрлар қолданылған. Мұндай «трюктар» сол кезеңдегі монтаж өнерінің ғажаптары болса, араға он жыл салып бұл тек базалық деңгейдің формасында ғана қалды. Компьютерлер мен арнайы бағдарламалар шыққанға дейін фильмдегі кадрларды жалғау физикалық үлкен еңбекке жатты. Себебі, ол дәуірде бұл техника таза механикалық жұмыс болатын. Жұмысшылар кино-пленкаларын керек жерінен кесіп, кейін бір-бірімен жалғаған.

wikipedia.org

Осылайша белгілі – бір дайын өнім шығарылған. Міне сол себепті монтаж өнерінің символы ретінде кино-пленкасы бар катушка мен оны қиып тұрған қайшы белгісі пайдаланылып кеткен.

Барлығы мұндай оңай жолмен қалыптаса қоймады. Киноларда іс-әрекет пайда болғаннан кейін, біраз уақыт өте фильмдер дыбысты болып шыға бастады. Мұндай жағдайда кино мамандары үшін кино- пленкаларды жалғау біраз қиынға соқты.

wikipedia.org

Ол замандағы дыбыс жазатын құрал өте ауыр және түсініксіз болды.  Синхронды сөйлеу фонограммасы бар тарихтағы алғашқы дыбысты толықметражды фильм 1927 жылы «Вайтафон» әдісін қолдану арқылы көрермен назарына ұсынылды. Туынды «Джаз әншісі / Певец джаза» деп аталды.  Фильмнің көп бөлігі дәл синхрондауды қажет етпейтін орта және жалпы планмен  түсірілген музыкалық нөмірлер болса, ал диалогтардың орнына интертитрлер қолданылды. Картинадағы алғашқы сөз тіркесі басты кейіпкердің синхронды көшірмесі болды. Сонымен әлемдегі алғашқы дыбысты кино  «Күте тұрыңыз, бір минут күтіңіз! Сіз әлі ештеңе естіген жоқсыз!», - деген диалогтан басталады. Бұл дыбыстық кино дәуірінің негізін қалаған символ болды десек те болады. Басты рөлді алты музыкалық нөмірді орындаған Эл Джолсон сомдады. Картина режиссер Алан Кросланд. Фильмнің премьерасы 1927 жылы 6 қазанда өтті.

Алғашқы кеңестік көркем дыбыстық фильм  «Өмірге жолдама / Путевка в жизнь» деп аталады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы көше жасөспірімдерін қайта тәрбиелеу туралы айтатын картина.  Фильм Мәскеу маңындағы Болшев еңбек коммунасының тәжірибесін негізге ала отырып түсірілген. Премьерасы 1931 жылы 1 маусымында өтті. Николай Экктің режиссерлік еткен лентасының сценарий авторлары Александр Столпер, Николай Эк және Регина Янушкевич. Басты рөлдерді сомдағандар қатарында Николай Баталов, Йыван Кырла және Новиков Александр  бар.

Сол дәуірдің кино мамандары дыбысты және бейнені бөлек түсіріп, кейін оны қиып керек жерін бірге жалғайтын болған. Монтаж жұмысы аса үлкен төзімділік пен тиянақтылықты қажет ететін кәсіп түрі. Сол себептен, бұл қызметке көбінесе әйел адамдарды алатын болған. Монтаждаушы әйелдер қатарында тарихи тұлға, атақты киноактриса Мэрилин Монроның анасы Глэдис Перл Бейкер да бар. Ол RKO Pictures киностудиясында видеомонтаждаушы болып жұмыс істеген.

uznayvse.ru

1960 жылдары «Электронды монтаж» термині пайда болады. Ол магнитті кинопленкалардан құралған күрделі аппарат. Оның техникасын және құралымын түсіну оңайға түскен жоқ. Бірақ телевизияда бұл құрал жиі қолданылды. Одан араға тағы 30 жыл салып компьютерлі монтаж өндіріске ене бастады. ХХ ғасырдың басында монтаж кино өнерінің және картина өндірудің маңызды бір көркемдік элементі болып саналды.

Жалпы сипаттама

Француз тілінен аударғанда  «montage» сөзі  "біріктіру" және "құрастыру" деп аударылады.Кәсіби дағдылар жүзеге асырылатын ортаға байланысты монтаждаушыларды 3 санатқа бөлуге болады:

  • Интернетконтентті орнатушы. Мұндай мамандардың қызметі әртүрлі мерекелер мен рәсімдердің роликтерін, жеке блогтарды, бренд пен жарнамалар жұмысына арналған. Интернет-дүкендер өнімдерінің тауарлық бейне шолуларын жасау кезінде сұранысқа ие.
  • Телевизиялық және радио бағдарламалар үшін. Бұл бағдарда видеомонтажер дәл қазіргі орын алып жатқан уақыттағы әртүрлі камералардан алынған кадрлармен жұмыс істейді.
  • Кино  және телефильмдерді (радиобағдарламаларды) монтаждаушы. Киностудия қызметкерлері көркем және деректі фильмдерді құрастырумен айналысады.

Кез-келген бейне-материалды өндіру барысындағы соңғы кезеңге –монтаждау жатады. Әртүрлі фрагменттерді, көріністерді бір материалға біріктіру арқылы өнімнің фиништық этапы аяқталады. Видеомонтажердің міндеттеріне мыналар кіреді:

  • түсірілген фрагменттердің ішінен ең сәтті кадрды таңдау;
  • оны кесу;
  • әр түрлі бейне фрагменттерін қосу;
  • ауысу кадрларын таңдау;
  • музыкалық композициялар, титрлер мен эффект қосу.

Видеоны өңдеу үшін бейне сюжеттерді, эффектілерді, дыбысты, фотосуреттерді және басқа элементтерді қосуға мүмкіндік беретін арнайы компьютерлік бағдарламалар бар.

Мұндай операциялар компьютерлік программаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оларға мыналар жатады:

  • Sony Vegas Pro
  • 3dMAX.
  • Adobe After Effects.
  • Adobe Photoshop.
  • Adobe Premiere Pro

Видеомонтажер мамандығының қызықты тұстары өте көп деп айтуға әбден болады, өйткені мұндай мамандықтың жұмысы техникалық және шығармашылық тұстан өзіндік ерекшеліктерге ие.

Видеомонтаж өнерін қайдан үйренуге болады?

http://prp.kz/

Бейнемонтажер мамандығының негіздерін өз бетінше меңгеруге болады. Мысалы, YouTube видео хостингінде  көптеген арнайы бейнероликтер бар. Алайда, толық білімді тек жоғары білім алу арқылы ғана игеруге болады. Мәселен,  New York Film Academy кино саласындағы әлемдік үздіктердің білім алған мекені саналады. Қазақстандық режиссерлер мен видеомонтаж мамандарының бірқатары да дәл осы оқу орынында сапалы білім алған. Үлкен табысқа кенеліп жүргендер қатарында Айсұлтан Сеитовты айтуға болады. Қазіргі қазақстандық жастар үшін отандық өнер иелерін даярлайтын Шабыт ұлттық өнер академиясы үлкен мүмкіндіктер берілуде. Американдық NYFA (New York Film Academy) киноакадемиясы мен қазақстандық ҚазҰӨУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен алмасу жөнінде келісім жасасқан болатын.  ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева мен NYFA Лос-Анджелестегі филиалының директоры Ден Маклер келісімге қол қойған болатын. Сондай-ақ, ҚазҰӨУ "Кино және телевизия" кафедрасының оқытушылары Нью-Йорк киноакадемиясында сертификатталған тағылымдамадан өте алады.

http://prp.kz

Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында да жастарды кино өнерге  баулиды.

Ал көрші Ресей елінде «монтажды бағыттау» мамандығы бойынша мамандандырылған бағдарламалар Санкт-Петербург кино және теледидар институтында, Мәскеу теледидар және хабар тарату институты Останкинода (МИТРО), теледидар және хабар тарату қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында, С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде (ВГИК) және жоғары ұлттық теледидар мектебінде бар.

Мамандық прекспективасы

Монтаж құралдарын оңай әрі қолжетімді меңгерудің арқасында қазіргі уақытта еңбек нарығындағы бәсекелестіктің деңгейі күрт артып отыр. Осыған байланысты сала мамандары әрқашан өз біліктіліктерін арттырып, дамып отыруы шарт. Мамандардың айтуынша, бұл бағытта кәсіби деңгейде үздік атану үшін «soft skills» қабілеттерін меңгеру маңызды. Мұндай конкуренциялы ортада өз орныңды сақтап қалу үшін жеке стильдік өзгешелікті қалыптастыру қажет.

glavcom.ua

Әлемдегі табысты видеомонтажерлердің қатарында қазір Зак Кинг үлкен танымалдылыққа ие. Зак Кинг – американдық видеомонтажёр, ол Vine, YouTube және Instagram секілді әлеуметтік желілерде адам ойына қонымсыз ерекше монтаждалған өзінің бейнероликтерімен бөліседі. Оған әлем бойынша «Монтаж королі» деген атақ та беріліп кеткен. Зактың Instagram жеке парақшасында 24 миллионға жуық оқырман болса, YouTube каналында 9 миллион көрермені бар. Ал қазақстандық монтаждаушылар қатарында Ернар Нұрғалиев, Айсұлтан Сеитов, Ғалымжан Санбаев, Ален Ниязбеков, Қыран Талапбек сынды өз кәсіптерінің үздіктері бар.

Кино және телевизия өндірісіндегі технологияның күрделенуі де мамандықтың даму мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Сондықтан заманға сай маман иесі болу үшін әрқашан іздемпаз болып қана қоймай, уақыт үрдісімен тең жүру маңызды екенін ұмытпағайсыз.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы