Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 тамыз, 202047

Ядролық сынақтар жайындағы фильмдер

Қазақстандықтар ядролық сынақ салдарының қаншалықты ауыр екендігін естіп қана емес, көріп те жақсы біледі. 29 тамыз қасірет пен қуанышты қатар сыйлаған күн ретінде халықтың есінде мәңгі қалады. Себебі 1979 жылдың дәл осы күні полигонда алғашқы ядролық сынақ жүргізілсе, 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынақ полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойды. Әлемдік қауымдастық мұны Елбасының жаһандық халықаралық қауіпсіздікке қосқан жеке үлесі әрі теңдессіз қадам деп біледі. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн қарсаңында осы тақырыпқа арналған отандық деректі фильмдерді еске түсірсек.

Ең бірінші болып ядролық сынақтарға қарсы қозғалысқа арналған фильмнен бастасақ. 1989 жылы түсірілген «Невада-Семипалатинск» деректі картинасы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың басшылығымен антиядролық қозғалысты құруға түрткі болған оқиғалар жайында баяндайды. Деректі лентаны «Қазақфильм» киностудиясынының қолдауымен режиссер әрі бейнеоператор Сергей Шариф түсірген.

Кадр «Невада-Семипалатинск» (1989) деректі фильмінен алынған  

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы жолында «Невада-Семей» қозғалысы мүшелерінің күрескені жөнінде сонымен қатар режиссер Тұрсын Бейсеновтың «Эхо первого крика» атты картинасы да сыр шертеді. Киногер полигон жабылғаннан кейін оның орнында не қалғанын көрсетіп, көрермендердің көңілін осы мәселеге бұрады.

Ядролық сынақ жайында отандық кинематографшылар ғана емес, шетелдік режиссерлер де фильм түсірді. Осылайша, «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына орай өткен жылы астанада британдық режиссер Андре Зингераның «Куда дул ветер» («Where The Wind Blew») атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Британдық фильм 2016 жылы түсірілген. Картина елдің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевті және Қазақстанның жаһандық антиядролық бастамаларын қолдауға бағытталған. Деректі лента КСРО мен АҚШ-тың ядролық сынақтары мен ядролық полигон аумағында тұрып жатқан халықтың денсаулығына тигізген зияны жайында әңгімелейді. Фильмде сонымен қатар екі елдің белсенділері мен сынақ құрбандарын біріктірген «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы қозғалысының Семей ядролық полигонын жабуға және бірте-бірте өзге де полигондарда ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізуге атсалысқаны көрсетіледі. Картинада Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан еркін түрде бас тарту туралы саяси көреген және стратегиялық дұрыс шешімінің гуманистік мәні мен өзге елдердің бұл шешімді жылы қабылдауына көңіл бөлінген. Фильмдегі бас кейіпкердің бірі - ядролық сынақтарға қарсы халықаралық козғалыстың мүшесі, қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  inform.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы