Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 қазан, 2020261

Екі отандық картина «Киношок» фестивалінде бес жүлдеге ие болды

Анапада өткен ХХІХ «Киношок» ашық кинофестиваліне қатысқан екі қазақстандық картина - «Жаным, ты не поверишь» комедиясы мен «Черный, черный человек» драмасы бірден бес жүлдені жеңіп алды.

Осылайша фестивальдің қазылар алқасы шараның бас жүлдесі - «Алтын сабақ» сыйлығын «Жаным, ты не поверишь» фильмі үшін режиссер Ернар Нұрғалиевке берді. Картина бұдан бөлек, «Үздік сценарий» жүлдесі мен «Баспасөз жүлдесіне» ие болды. Сценарийшілер командасында  Әлишер Утев, Жандос Айбасов, Ануар Тарыжігітов, Данияр Солтанбаев, Ернар Нұрғалиев пен Ільяс Төлеу бар. Фильмді таспалаған танымал оператор Азамат Дулатов болды. Фестивальдің «Үздік ер адам рөлі» жүлдесіне «Черный, черный человек» фильміндегі ойны үшін Данияр Алшынов ие болды. «Үздік режиссура» үшін жүлдесіне осы фильмнің режиссері Әділхан Ержанов лайық деп танылды.

«Киношок-2020» фестивалінің Гран-при иегері атанған «Жаным, ты не поверишь» комедиясы үш достың балық аулауға барғандағы бастан өткерген оқиғасы баяндалады. Ерлі-зайыптылар өзінің тұңғыштарың күтумен жүр. Осы орайда үйдегі жағдай күннен-күнге шиеленісіп барады. Бас кейіпкер Дастан әйелінің айқай-шуынан жалығып, бір күнге достарымен балық аулауға қашады. Осылайша ол сәтсіз бизнесмен және учаскелік полиция болып қызмет етіп жүрген достарымен балыққа шығады. Барлығы жақсы өтсе керек, алайда күтпеген тосын оқиғалар үш достың демалысының быт-шытын шығарады.

Ал драмалық «Черный, черный человек» триллері қылмыстық істі жаппақ болатын Бекзат есімді тергеушінің оқиғасын суреттейді. Олай істеуіне жергілікті полицейлердің момын Пукуарды  айыпты деп тануы себеп. Алайда қаладан Ариана есімді тілші қыз келген соң, іс насырға шабады. Енді тергеуші өмірінде бірінші рет тергеу жүргізуіне тура келеді.

Айта кетейік,  ХХІХ «Киношок» ашық кинофестивалінің толықметражды кино байқауында жеті елден барлығы 9 фильм қатысты. Фестиваль қарашаның 17-і мен 23-і аралығында Анапа курорт-қаласында өтті. Ондағы бес байқауға Ресей, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерден 60-тан аса жұмыс ұсынылды.

«Киношок» 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл фестиваль Ресейдегі ірі кинофестивальдердің бірі саналады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы