Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 қазан, 2020266

Екі отандық картина «Киношок» фестиваліне жол тартты

Ресейдің оңтүстігінде орналасқан Анапа қаласында ХХІХ «Киношок» ТМД елдері киносының ашық кинофестивалі бастау алды. Беделді киноқаралымына Қазақстан биыл екі картина ұсынып отыр. 

«Киношок-2020» кинофестиваліне Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, ты не поверишь» қара комедиясы мен Әділхан Ержановтың «Черный, черный человек» драмасы жол тартты. Бір қызығы – екі туындыда да басты рөлді қазақстандық актер Данияр Алшынов сомдайды. Оларды фестивальдің қазылар алқасы мен көрермендеріне таныстыратын да өзі болады. 
«Киношок»  ашық кинофестивалін  1992 жылы актриса Ирина Шевчук, драматург Виктор Мережко және киносыншы Сергей Новожилов негізін қалаған. Содан бері аталған шара жыл сайын Анапа қаласында күз мезгілінде өткізіліп келеді. 

Биылғы байқауда толықметражды фильмдер байқауында жеті мемлекеттен барлығы тоғыз картина қатысып отыр. COVID-19 індетінің таралып келе жатқанына байланысты биыл ұйымдастырушылар жаппай көрермендер іс-шараларын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Әділхан Ержановтың «Черный, черный человек» драмасы 21 қазанда, ал Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, ты не поверишь» комедиясы 22 қазан күні «Мир кино» кинотеатрында көрсетілетін болады. Фестиваль 23 қазанда аяқталады.  

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Ержановтың «Черный, черный человек» картинасы 14 қазаннан бастап француздық прокатқа жол тартты. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы