Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 маусым, 202066

Екінші питчинг жеңімпаздарымен іскерлік кездесулер басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік Орталығында екінші питчинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыруға ие болған жобаларды ақылдасу мақсатымен отандық кинематографистер және жоба авторлары бірлескен ортақ іскерлік кездесулері жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, көп сатылы іріктеу –киноорталықтың өндірістік бөлімі, Сараптамалық кеңес пен ведомствоаралық комиссия мүшелерінің шешімімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша Сараптамалық кеңестің қорытындысы мен ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынысына сәйкес екінші питчингке қатысқан 42 киножоба ұлттық фильмдер өндірісінің тақырыптық жоспарына енгізіліп, қолдауға ие болған еді.

Жоспар бойынша жүргізілген екінші питчингке 223 өтінім түсіп, олардың барлығы жете қаралымнан өткен болатын. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына қарасты сарапшылар кеңесінің мүшелері алғаш рет онлайн-режимде өткен 88 жобаның авторларына өз дәржесінде айтарлықтай мүмкіндік берген еді. Алға қойылған жоспар негізінде ұйымдастырылған питчингтің нәтижесінде сараптамалық кеңестің шешіміне сәйкес 58 киножобаны іріктеліп, олар ведомствоаралық комиссияның қарауына жөнелтілген болатын.

Мемлекеттік қаржыландыруға үміткер фильмдердің соңғы этаптағы тізімі бойынша мынадай жобалар ұсынылды. Олар: 

Авторлық/ артхаус фильмдері:

"Ауыл" ш / ф ("Мерей" ЖШС")

Деректі фильмдер:

 - Серікбол Қондыбай. Воин духа" (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Ұлы Отан соғысының батырлары: Рахымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов" ("2-М" ЖШС)")

- "Қазақстанның табиғаты: Үстірт қорығы" (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

 - "1941-го жанып жатқан қазан" ( "GrandControl" ЖШС)

 - "Соңғы рубеж" ( "FreshMind (ФрэшМайнд" ЖШС))")

 - "Властительницы Евразии" ("Студия Мерген" ЖШС)")

 - "Қыз Жібек: махаббат пен жетістік рецепті" ("Қыз Жібек" қайырымдылық қоры қоғамдық қоры»)

- "Қасым Жақыбаев" (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Бату. Тарихи детектив" ("Cinegram" ЖШС")

Халықаралық өнім:

- "Олиара" Х / ф (Қазақстан Республикасы - Венгрия) - "Қазақфильм" АҚ.

- "Кокбозат" Х / ф (Қазақстан Республикасы-Татарстан Республикасы, РФ) - "Almapictures" ЖШС (Қазақстан), "Татаркино" ГБУК (Татарстан Республикасы, РФ)

Көркем фильмдері:

- "Мама - я живая!" (ОФ "Асау - Ат")

- "Адам и Алма" (ТОО “567 Creative Laboratory”)

- "Боран" (ТОО "NRK Production")

- "Дос Мұқасан" (ТОО "Aray Media Group")

- "Лето 1941-го" (ТОО "Медетфильм")

- "Ақ боз үй" (ТОО "Asau Art Films")

- "Хирург" (ТОО "Ардфильм")

- "Билет из рая" (ТОО "Притяжение")

Анимациялық фильм:

- "Алтын адам" (АО "азахфильм" имени Шакена Айманова)

- "Кенже қыз" (анимационная студия Aday Production)")

- "Колыбельная" (ТОО " Dala animation")

- Анимационный сериал "Караван Историй" (ТОО " Ырысы АО Казахстан")

- "Еркетай" (ТОО " Art Maral")

Қысқа метражды фильмдер:

- "Таутай-лақ" (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- «Құс» ("Studio БІР" ЖШС")

- "Арзан көз жасы" ("InDJAZ-Co" ЖШС")

- "Горячее озеро" ( Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Жаздың ең ұзақ күні" ( Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Көке ақыны" ( Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Рая-дан шығысқа" ("InDJAZ-Co" ЖШС)")

- "Рух" ( Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Граната" ( Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына  арналған фильмдер: 

- "Абайдың Қара сөздері" Д / ф (ҚР Президентінің ТРК)

Дебюттік фильмдер:

- " Возвращения Моря" Д/ф (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- "Бауырына салу" ш / ф ("Асхатфильм" ЖШС")

- "Паралимпиадашы" Х / ф (ЖК " Байракимов және Қайыржанова")

- "Братья" ш/ф ("Goldenmanmedia" ЖШС")

- " Молочная девочка" ш/ф ("Н-Поинт" ЖШС")

- "Алыстағы ағайын" байқауы нәтижесі бойынша фильмдер:

- "Номады 21 века" Д/ф (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ)

- Д/ф "Алыстағы ағайын" (ЖШС "Сан-Али")

Айта кеткен жөн, әдеттегідей үлкен жобалар мен картиналардың басым бөлігін ұсынып отырған киностудиялардың бірі "Қазақфильм" студиясы болып отыр. Сарапшылар кеңесі және ведомствоаралық комиссия отырыстарының ортақ бірлескен қорытынды шешімдері бойынша "Серікбол Қондыбай: воин духа", "Қазақстанның табиғаты: Үстірт қорығы", "Қасым Жақибаев", "Олиара", "Алтын Адам", "Таутай-лақ ", "Горячее озеро", "Самый долгий день лета", "Көше ақыны", "Рух", "Граната", "Возвращение моря" және "ХХІ века" сияқты жобалар қаржыландыруға қолдау алды.

Екінші питчинг қорытындысы бойынша қаржыландыру алатын қалған 29 жоба жеке студиялардың бірлескен күшімен жүзеге асатын болады. Ол картинларадың түсірілім жұмыстары үшін қазынадан бес миллиард теңге бөлініп отыр.

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  mir24.tv

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы