Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 сәуір, 2020110

Елімізде жаңа тарихи фильм түсірілмек

Отандық кинематографиямыз тағы бір тарихи оқиғаны баяндайтын фильммен толықпақ. Бұл жолғы картинаға шетелдік киногерлер де тартылмақ. 

«Спасение в степи» деп аталатын тарихи фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен  Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асады. Аталған жоба бойынша халықаралық киноның майталмандары да атсалыспақ. Дәлірек айтсақ, Қазақстандық  «Новый мир продакшн» ЖШС мен Испания мемлекетінің «Plano a plano» атты продакшенімен бірлесе отырып түсіріледі.

 

«Plano a plano» - Испаниядағы жетекші кинокомпаниялардың бірі. Компания серіктесі әрі продюсері Цезарь Бенитестің фильм түсіруде және продюсерлікте үлкен тәжірибесі бар. Ол кино саласында 30-дан астам көркем фильмдер мен 20-ға жуық сериал, сондай-ақ көптеген ұлттық жүлделерге ие. Netflix, Amazon сияқты ірі платформаларымен серіктес болған.

 

Фильм желісі бойынша оқиға қазіргі және өткен шақта орын алады. Қазіргі бөлімінде заманауи Испания мен Қазақстан көрсетіледі. Ал өткен кезеңде 40-50 жылдарда қазақ даласындағы  Спасс лагері жайында баяндалады. Қазіргі кезеңдегі адамдар тағдыры өткен шақтың тағдырларымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы кейіпкер – Мадридте өмір сүретін Карла есімді испандық әйел. Ол қазақ жеріндегі еңбек лагерлері туралы өткір шындықпен танысып, ол шындықтың өз отбасының тағдырымен тығыз байланысты екенін біледі. Өткен заманның кейіпкерлері – екі испандық Мартин және Хайме есімді әскерилер.

 

Сондай қиын заманда қазақ қауымы көп жандар үшін ең жомарт әрі мейірімді халық ретінде танылды. Сол кезде көптеген өзге ұлт халықтарына Қазақстан екінші отан бола алды. Фильм халықтар достығын, түрлі өзге – ұлт өкілдерінің қиын кезеңде бір-біріне тірек бола алғандығын көрсетеді.

 

Фильмді жете түсіну және талқылау мақсатымен шетелдік киногерлер Цезарь Бенитес, Эмилио Амаре, Росио Мартинез, Хуан Карлос Кето Қазақстанға арнайы келіп,  отандық кино саласының майталмандарымен бірге «Қазақфильм» киностудиясымен танысты. Кино авторлары Қарағанды облысының Долинка кентіндегі Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу үшін КарЛАГ-музейіне және саяси айып тағылғандардың әйелдері қамалған Алжир легеріне барып сол кездегі тарихпен тереңінен танысты. 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  instagram.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы