Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 сәуір, 20217

Еліміздегі кассалық фильмдер

Отандық кино саласында көрермен көңілінен шығып жүрген үздік картиналар аз емес. Осы мақсатта қазақстандық кинофильмдер арасындағы кассалық ленталарға тоқталуды жөн көрдік. Сіз де тамашалап, бағасын беріңіз.

 «В поисках мамы»

Қырғызстандық режиссер Руслан Акунның бұл еңбегін көрермендер ерекше бағалады. Жас режиссер өзінің үлкен тәжірибелігінің арқасында халыққа өтімді үздік киноленталарды жарыққа шығаруда, солардың бірі әрі бірегейі – «В поисках мамы» кионкартинасы. Фильмнің премьерасы 2017 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында өткен болатын.

Фильм сценарий бойынша, Азамат есімді басты кейіпкердің бастан өткерген қызықты хикаялары айтылады. Азамат- әзілге жақын ақылды бала. Ол өте зере болып өседі. Мектептегі сүйікті пәні – математика болды. Дегенмен, оған әрдайым жетіспей тұратын жалғыз нәрсе бар, ол - өзінің отбасы. Азамат бүкіл өмірін балалар үйінде өткізеді және туған ата-анасын ешқашан көрген емес. Азамат әрқашан өте әділ бала болған. Жасының кіші болғанына қарамастан, ол өте ержүрек әрі батыл. Өзі үшін өзі жауап бере алатын, күші көп балаларға жалғыз өзі қарсы тұра алатын рухы биік балақай. Бірде ол екі бұзақының балаларды ренжіткенін байқап қалады, басқалар секілді шетте тамашалап тұруды жөн көрмейтін Азамат өзінен кішілерге күш көрсететін бұзақыларға қарсы тұрады. Олардың шалбарын шешіп, барлығының алдында масқаралайды. Осылайша, тек күшіне сенетіндер үшін үлкен сабақ болады. Бірақ мұндай қылығы үшін жасөспірімдер Азамтты ұрып-соғып, содан кейін мазақ етеді. Азамат өзінежанашыр болатын адамға қатты мәжбүр болады. Нәтижесінде ол өз туған анасын қайдан болса да табуға бел байлайды. Оған анасы Америкада өмір сүріп жатқандығы туралы мәлімет келеді. Ол өз туған шешесін тек Америкаға барса ғана, жолыға алатынына сенімді болады. Араға біраз уақыт салып Азамат математика олимпиадасында бірінші орын жүлдегері атанып, басты жүлде Америкаға сапарды жеңіп алады. Енді бозбала өзінің басты арманын орындап, анасын іздеуге кіріседі...

Майкл Арк, Нұрбек Айбашев, Эдгар Певснер және Мариетта Волыеская продюсерлігімен түсірілген киножоба. Қоюшы- операторы Егор Поволоцкий. Суретшілері: Наталья Коржанова және Брукс Фэйрли. Кинода басты рөлдерді сомдағандар: Тәуекел Муслім, Азамат Ұланов, Майкл Арк, Жеңіс Жүнісов, Бақыт Осмонқанов, Эдгар Певснер, V.K. Lynne, Илья Волох, Ник Принсип және Michael Maponga.

Кинолента сол уақыттағы ең кассалық фильмдердің бірі болған еді. Тіпті премьераның соңғы екі апта уақытында голливудтық фильмдер арасындағы рейтинг бойынша отыз төртіші орынға  жайғасқан еді. «В поисках мамы» кинокомедиясының Қазақстандағы премьерасында прокаттан жиналған барлық қаражат 140 миллион 69 мың 120 теңгені құрраған, ал бұл 449 мың АҚШ долларын құрайды. Фильм режиссері Руслан Акунның бұған дейін 2013 жылы түсірген «Салам, Нью-Йорк» кинолентасымен танымал. Қырғызстандық фильм кассалық жинағымен рекордтық нәтиже орнатқан болатын. Осыдан кейін ол Нью-Йорктегі беделді бейнелеу өнері мектебінде білім алған.

«Бизнес по-казахски в Америке»

Қазақстандық бизнесмен Жомарт өзіне мұраға қалдырылған қонақ үйді  табыс көзіне айналдырмақ болады. Бірақ қонақ үй қызметкерлері аз жалақының кесірінен өз жұмыс орындарын босатуға мәжбүр болады. Жоғары дәрежедегі қызмткелерді жалдау үшін қомақты қаражат керек, ал қаражатты әкелетін қонақтар мен қонақ үй тұрғындары мүлде жоқ. Бұл тығырықтан шығу жолын іздестірген Жомарт тек бір шешімді ғана көрді. Ол – өз туыстарын жұмысқа қабылдау. Осылайша өз жұмыстары мен жауапкершіліктері туралы аса біле бермейтін Жомарттың туысқандары қонақ үй қызметкерлері атанады. Осылайша, қазақша бизнес өркендей бастайды. Өз қонақ үйіне халықаралық статус пен бес жұлдызды алу мақсатында Жомарт шетелдік партнерлермен келісім шартқа отырмақ болады. Алайда барлығы ол ойлағандай жеңіл әрі оңай бола қоймайды. Оқиға шиеленісіп, жоспарлар құрдымға кетеді. Бәрін өз орнына қойып, қалпына келтіру үшін өз серіктесі Ален және туысқан інісі, үнемі шытырман оқиғаларға тап болып жүретін Еркошпен бірге Америка Құрама Штатына аттанады. Бірақ қызықты хикаялар ол елде де өз жалғасын табады.

Фильмге Жеңісхан Момышев режиссерлік етті. Сценаристері: Нұрлан Қоянбаев, Әуез Әуезов, Ілияз Жапаров, Сәбит Рахымбаев. Операторлық кезметте жұмыс істеген - Азамат Дулатов. Суретшілер: Карина Килибаева және Алия Одинаева. Композиторы - Александр Шевченко. Ал Санжар Мұстафин, Нұрлан Қоянбаев және Юлия Сафоноватар продюсерлік еткен болатын. Басты рөлді сомдаған киноактерлер: Нұрлан Қоянбаев, Рамазан Амантай, Жан Байжанбаев, Эшли Огийяр, Гүлназ Жоланова, Шон Александр Джеймс, Дариға Бадықова, Қажет Смағұлов, Сәбит Рахымбаев, Димаш Ниязов, Кейт Ромеро, Эндрэй Джонсон, Лукас Эванс,Кларисса Барская, Раджив Джозеф, Кристиан Каллоуэй және Рода Пелл сынды киногерлер бой көрсеткен.

Фильмнің кинодағы премьерасы 2017 жылы 25 шілдеде өткен болатын. «Бизнес по-казахски» кинофильмнің сиквелі ретінде түсірілген «Бизнес по-казахски в Америке» бөлімі алғашқысына қарағанда барлығы 350 мың АҚШ долларға көп қаражат жинаған. Осылайша барлық бюджет қоры 570 миллион теңгені құраған болатын.

«Брат или брак»

Фильмнің жанры бойынша, басты рөлдегі Гаухар есімді бойжеткеннің бес туған ағасы бар. Бірақ олар жалғыз қарындасының тұрмысқа шыққанын аса қаламайды. Себебі, бес ұлдың ішінде  жалғыз өскен ерке, нәзік әрі сұлу Гаухары ағалары басқалардан қатты қызғанатын болған. Гаухар таныстыратын әрбір жігітті бес түрлі, бес мінезді бауырлар қатал сынға алып, қорқытып, үркітіп жіберетін болған. Осылайша, өмірі бес ағасымен өткізуді қаламайтын Гаухар өз сүйіктісін тезірек жолықтырғысы келеді. Бір күні оқыс оқиға орын алып, Гаухар Айдар есімді жігітті жолықтырады. Олардың арасында махаббат сезімі туындап, екеуі бір-біріне шын ғашық болып қалады. Бірақ Гаухардың артында тұрған бес ағасының рұқсаты мен келісімін алу Айдар үшін оңайға түспейді. Барынша күш-жігерін салып Гаухардың қолын сұрауға барған Айдардың басынан өткерген қызықты оқиғаларын дәл осы «Брат или брак» кинофильмінен тамашалай аласыздар.

Кинокомедияға Арыстан Каунев, Әділбек Сейылхан және Алишер Утевтер сценарий жазды. Бұл актриса Құралай Анарбекованың продюсерлік еткен ең табысты жобаларының бірі болды. Ернар Нұрғалиев режиссерлік еткен кинолентаның операторы – Шерхан Таңсықбаев. Композиторы – Никита Карев. Фильм 2017 жылы қазан айының 26 жұлдызында көрермен назарына ұсынылып, кино премьерасы өтті. Басты рөлдерді сомдаған киноактерлер қатарында: Құралай Анарбекова, Абунасыр Сериков, Бауыржан Қаптағай, Тәуекел Муслім, Олжас Абай, Нұрлан Сабыров, Мұрат Бисенбин, Дәурен Серғазин сынды дарынды актерлер болды.

Фильмнің продюсері әрі актрисасы Құралай Анарбекова «Брат или брак» кинофильмінің түмірілімдері үшін кеткен шығынды жарияламасағанымен, жиналған бюджет туралы ашық айтты. Киногер фильм прокатынан барлығы 400 мың АҚШ жиналғанын айтқан болатын.

«Каникулы оффлайн»

Қарапайым студенттер болып табылатын үш достың оқиғасы туралы айтылатын комедиялық фильм. Олар көп соммада қаражат тауып,  үлкен табысқа кенелгісі келеді. Сол себепті олар өз бизнесін ашуды армандайды. Жігіттер қажетті нәтиже үшін бәрін құрбан етуге дайын. Көп ұзамай оларға балаларға арналған ұлттық нақыштағы лагерьді ашу идеясы келеді. Ауылдағы үйін лагерьге айналдырып, қалалық балаларға қазақы ұғым мен дәстүрді, тіл  мен құндылықты үйретуді мақсат тұтады. Ал бір үйдің еркесіне айналған қалалық балалардың көңіліне ауылдағы жағдай мен интернеттің жоқтығы мүлде жақпайды. Олар қайта өз үйлеріне қайтуды қалғанымен олардың қолынан бұл келмейді. Бірақ күнделікті орын алатын әртүрлі қызықты жағдайлар мен көңілді ойындар ауылдық лагерь тәрбиеленушілерін үлкен бір жанұя етеді. Ал лагерь бастамашылары үлкен табыстан бөлек, керемет достарға ие болады. Бұл істің мән-мағынасы ақшада емес Отанға деген, қазақи дәстүрге деген үлкен құрмет екендігін ұғынады.

Кинолентаның режиссері - Руслан Акун. Сценарий авторлары: Әлішер Өтев, Бақыт Осмонқанов.. Ернар Құрмашев және Серік Әбішевтер продюсерлік етті. Операторы - Жантай Қыдырәлиев, ал әсем әуенмен әрлеген композиторы - Сергей Шегай. Басты рөлдерді сомдаған киноактерлер: Мейіргат Амангелдин, Еламан Есентаев, Мағжан Хамит, Арман Жақсығұлов және Бекзат Елеусізов.

Лента отандық картиналар ішіндегі сәтті шыққан картиналар қатарынан көрінді. Прокатта жиналған бюджет қаражаты ауқымды болғаны рас. Еске сала кетейік, «Каникулы оффлайн» кинокомедиясының сәтті шыққаны соншалық, фильмнің сиквелі де  түсірілген болатын. Алайда, бұл жаңа бөлімі алдынғы сәттілікті қайталай алмады. Фильмнің оқиғалық жүйесі, актерлік ойыны мен түсірілім командасы да түбегейлі өзгеріске енген болатын.

«Бизнес по-казахски в Африке»

Жас жұбайлар Жомарт пен Айсұлу той сапарын жоспарлайды және мұндай сәтте жақын туыстары да бірге аттанады. Қалыңдық жақсы уақыт өткізуге тырысады, ал күйеу бизнес үшін жаңа идеялар іздейді. Күтпеген жерден Жомарт Кениялық жұмбақ кәсіпкермен танысады, ол шай сатып, үлкен табысқа жетіп, ақша табу жолдарын ұсынады ұсынады. Іскер кейіпкерлер Кениялық Шайды қазақша сатып алу бойынша авантюралық жоспарды тез құрастырады.

Фильмнің режиссері  - Анвар Матжанов. Басты рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Рамазан Амантай, Жан Байжанбаев, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова және  Сәбит Рахымбаев.

«Бизнес по-казахски в Корее»

2019 жылдың 26 желтоқсанда экранға шыққан «Бизнес по-казахски в Корее» кинокомедиясы прокаттың бірнеше аптасында- ақ 1,107 млрд теңгені жинаған. Бұл қаражат бойынша жаңа рекорд-голливудтық «Авенгерлер» мен «арыстан патшасы» блокбастерлерін артта қалдырған.

«Бизнес по-казахски в Корее» - Режиссер Ален Ниязбековтың қазақстандық комедиясы. «Бизнес по-казахски» комедиялық франшизасының төртінші сериясы болып табылады. Фильм миллиардтан астам кассалық бюджет жинап, Қазақстан аумағындағы ең табысты әрі кассалық фильм атанды.

Фильм сюжеті бойынша, халықаралық компанияның конференциясы Жомарт Қанатұлының қонақ үйінде өтуі жоспарланып отыр. Қонақ үйдің басты ерекшелігі-қонақ үйге келушілерге көмектесетін робот. Қонақ үйдің қызметкері Бақдаулет роботты кездейсоқ бұзып қояды, ал темір адамды тек Оңтүстік Кореяда жөндеуге болады. Жомарт Қанатұлы өзінің әріптесі Аленмен бірге Кореяға оны түзету үшін барады, ал әйелдерін өзімен бірге алып кетеді. Сапар барысында Еркош Солтүстік Кореяның түрмесіне түседі. Ален мен Жомарт ел билігімен келісуге тырысады, бірақ бәрі де  сәтсіз жалғасады. Шекараны тексеру барысында олар бір кездері түрмеден қашып кеткен балықшыны байқап, Солтүстік Корея сарбаздарымен өзара қарым-қатынас орнатуына көмектесуді сұрайды.  Еркошты құтқару операциясы кезінде балықшы қайықпен шекараға қарай бет алып, Еркошты құтқарады және өзі отбасымен бірге қалады.

Басты рөлдерді сомдағандар: Нұрлан Қоянбаев, Рамазан Амантай, Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова, Дариға Бадықова және Қажет Смағұлов.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы