Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 ақпан, 202069

ЖАҢА ОТАНДЫҚ ТУЫНДЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Режиссер Әділхан Ержановтың түсірген «Қап-қара адам» («Черный, черный человек») атты жаңа кинотуындысы қалың көрермен назарына ұсынылды. 

Сюжет желісі қазақстандық ауылдардың бірінде болған қайғылы оқиға жайында өрбиді. Елді-мекенде кішкентай ұл баланы біреу өлтіріп кетті. Бекзат есімді тергеуші бала өлімін зерттегісі-ақ келеді, алайда, жергілікті полиция өлтірген адамның орнына қылмысты ауылдағы есуас жігітке сілтей салады. Сөйтіп, тергеуші істі жылы жауып қоюдан басқа амалы қалмайды. Бірақ, қитұрқы әрекет іске аспай қалады. Мәселен, қылмыстың анық-қанығына көз жеткізбек болып, қаладан тілші қыз келеді. Енді қылмыстық іс қайта жанданады.   

Тергеуші Бекзаттың рөлін «Районы, «Все из-за мужиков», «Келинка тоже человек» және «Келинка тоже человек 2» фильмдері арқылы танымал актер Данияр Алшынов сомдайды. Ал, тілші қыздың кейпінде «Он и она», «Так сложились звезды», «Каникулы off-line 2» және тағы басқа фильмдерде басты рөлдерде ойнаған Динара Бақтыбаева өнер көрсетеді. 

Драмалық туындының әлемдік тұсаукесері осыдан төрт айға жуық уақыт бұрын Испанияның Сан-Себастьян қаласында өткен 67-ші Халықаралық кинофестивальде өткен болатын. «Қап-қара адам»-ды тамашалаған көрермен өзінің бағасын беріп, «әдемі» картина деп атады.  

Фильмнің бас продюсерлері – Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашевтер. Картинаның әдемі болып шығуына үлес қосқан бейнеоператор ресейлік Айдар Шәріпов. Ал, фильмде дыбысталған әсем әуенді атақты қазақстандық музыкант Ғалымжан Молданазар жасады. 

Айта кетейік, Әділхан Ержановтың «Черный, черный человек» туындысы өткен жылдың үздік фильмдер қатарына кірген. Ал, ресейлік киносыншы Вадим Рудковский болса, «Қап-қара адамды» өзінің «Жылдың 50 маңызды фильмдері» топтамасына енгізді. Қалай болғанмен де, республиканың барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатқан «Черный, черный человек» фильмін өздеріңіз көріп, бағасын  берерсіз. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы