Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 тамыз, 202043

Жаңа маусымда жаңа телехикая жарық көреді

Жаңа маусымда республикалық арна эфирінде ауылдың тұрмыс-тіршілігі мен асыл қазынамыз – ақсақалдардың жастар тәрбиесіндегі рөлі жайында жаңа телехикая жол тартады.

Алғабас ауылында «Ақсақалдар кеңесі» ұйымы жұмыс істеген. Алайда іс жүзінде оның атқарған ісі ауыз толтырып айтуға келмес. Ауыл әкімі көрші елді-мекендерде ондай ұйымның ауыл өмірін жақсартуға септігі барын көріп, ақсақалдар кеңесін қайта жандандыру жайын ойластырады. Ауылдағы қарттардың қарасы да азайған. Онымен қоса әркімнің өз тіршілігі, өз пробламалары бар. Алғашында Кеңестің жұмысы дұрыс жүрмеді, бірақ уақыт өте келе жұмыс дұрыс жолға қойылып, ұйымның ісі оңға басты. Алқа мүшелері ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге атсалысып, елдің алғысына ие болады. Осылайша ақсақалдар институты бүгінгі қоғамда маңызы бар, өміршең әрі аса қажет ұйым екендігін дәлелдейді. Бұл - жаңа телевизиялық маусымда көрермен назарына ұсынылатын «Алпыстан асып барамын» телехикаясының мазмұны. Туындыда қазақы салт-дәстүрге толы ауылдың тұрмысы көрсетіліп, махаббат пен өкініш, мейірім мен ізгілікке құрылған жастардың өмірі баяндалады.

Айта кетейік, телехикая 25 бөлімнен тұрады. Комедия жанрында түсірілген телетуындыға Шыңғыс Әбдібек режиссерлік етті. Фильмде кино саласына енді аяқ басқан жастармен бірге тәжірибелі актерлер өнер көрсетеді. Олардың қатарында Сағызбай Қарабалин, Иісбек Әбілмәжінов, Гүлжамал Қазақбаева, Зәуре Көпжасарова және тағы басқа актерлер бар.

Мазмұны терең туындыда көпті көрген ақсақалдар мен өскелең ұрпақ сабақтастығы жақсы суреттеліп, әке мен бала, ене мен келін арасындағы жылы қарым-қатынас көрініс табады. Көркем телехикая «Хабар» арнасында көрсетілетін болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  khabar.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы