Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 қараша, 2021231

«Жаным, ты не поверишь» фильмі Жапонияда жүлделі болды

«Жаным, ты не поверишь» Жапонияда өткен Rising Sun International Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды.

«Жаным, ты не поверишь» фильмінің сюжеті жас жұбайлардың (Данияр Алшынов пен Әсел Қалиева) арасындағы кәдімгі отбасылық жанжалдан басталады. Жағдай тым шиеленісіп кеткен кезде Дастан есімді басты кейіпкер болашақ кәсіпкер және учаскелік полицей достарымен (Азамат Маркленов, Ерлан Пірімбетов) балық аулауға баруды ұйғарады. Олардың жолында кездескен күтпеген және керемет оқиғалар сериясы бұл күнді абсурд және қанды шытырманға айналдырады...

Rising Sun  халықаралық фильм фестивалі – Жапонияның Китакюсю қаласында өтетін таңдаулы кинофестиваль. Фильм байқауы 1 000 000 халқы бар қалада әлемнің ең үздік фильмдерін көрсетуді мақсат етеді. Барлық жанрдағы көркем және қысқа метражды фильмдерді көрсететін фестиваль үш күнге созылады.

Бүгінгі таңда «Жаным, ты не поверишь» комедиясы қазақстандық фильмдердің арасында жанры жағынан ерекше әрі ең атаулы фильм болып табылады. Кинотуындының қоржынында көптеген халықаралық марапат бар, ол осы күнге дейін 25 халықаралық фестивальге қатысып үлгерген.

Өткен жылы фильм Каталониядағы халықаралық кинофестивалдің (Sitges International Film Festival) байқаудан тыс бағдарламасына ұсынылды. Сондай-ақ ресейлік Киношок-2020 кинофестивалінде үш жүлдеге, оның ішінде «Золотая лоза» деп аталатын бас жүлдеге ие болды. Одан бөлек, осы жылы фильм әлемдегі ең беделді жанрлық киношоу – Fantasia халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына енді.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы