Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 қыркүйек, 202046

Жас режиссер тағы бір картина ұсынбақ

Жас режиссер Айжан Қасымбекова өзінің дебюттік толықметражды картинасына "От" деген атау берді. 

Картинаның продюсері ретінде Диана Әшімова еңбек етеді. Бұған дейін олар Айжан Қасымбековамен бірге бірнеше кинокартиналарда тәжірибе алмасқан еді. Енді, міне, екі талантты тағы бір картинада бас қосты.

Бұған дейін олар "Су" және "Ауа" атты қысқа метражды кинофильмдерді түсірген болатын. Аталған кинокартиналар біршама шетелдік кинофестивальдарға қатысып, дарынды киногерлердің көңілінен шығып, халықаралық көреремендердің қызығушылығын тудырған болатын. 2019 жылы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында алғашқы питчинг сәтті өтіп, онда 100-ден астам киножобаларға қолдау көрсетілді. Ал олардың қатарында жас режиссер Айжан Қасымбекованың "От" атты картинасы питчингтің 18 жеңімпазының қатарына іліккен еді.

Фильмнің сценарийлік желісі бойынша, Толик есімді 40 жастағы отбасылы ер адамның өмірі суреттеледі. Оның отбасында жақын арада үшінші перзент өмірге келеді. Өз отбасына барынша жағдай жасау үшін Толик күндіз-түні тынбай еңбек етеді. Қаланың бір шетінен екінші шетіне нан тасып, курьер болып жұмыс істейді. Ол қызына сапалы білім мен жарқын болашақты қаматамасыз етуді армандайды. Бірақ кенеттен ол өз қызының аяғы ауыр екендігін біліп қояды. Алайда, жігіттің отбасы жастардың қарым-қатынасына қарсы екендігінен хабардар болған әке шарасыз күйге жетеді. Өмірде үмітсіздікке тап болады. Ол мұндай жағдайларда қандай шешім қабылдайды? Фильм сюжеті осы хикаяны бейнелейді. Кинофильмнің басты рөлінде  "Қызғалдақ", "Трубадур", "Шуақты күндер", "Остров Возрождения" фильмдерімен және  "Киберқорғаушылар", "Унесенные рейсом", "Құрдастар" киноленталарында, сонымен қатар, ресейлік "Любовь, как любовь", "Снайпер-2.Тунгус"  телесериалдарымен танымал болған белігілі  киноактер Төлепберген Байсақалов сомдайды. 

Айжан Қасымбекова, режиссер:
- "От" кинолентасы "Су" және "Ауа" элементтері туралы фильмдерімнің циклын жалғастырады, бірақ мен болашақта кинофильмнің  атауын өзгертуім мүмкін. Біз комедия элементтері бар әлеуметтік драманы ұсынбақпыз. Сценарийді үш бірдей автормен ақылдаса отырып жаздық. Біз басты рөлді Байсақалов сомдайтыныдығынан хабардар болдық. Ал оның жұбайының кейпінде мен көрерменді драмаға жеткізбейтін, өте жарқын жүзді актрисаны іздедім.  Бұл кейіпкерді сомдау Мәншүк Айтмуханбетоваға бұйырды. Қоюшы-операторы ретінде  Айгүл Нұрболатова еңбек етті, онымен біз "Ауа" қысқаметражды  кинофильмін түсірген едік.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы