Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 қазан, 2020317

«Желтая кошка» Қытайда жүлделі болды

Режиссер Әділхан Ержановтың танымал болған «Желтая кошка» атты жаңа картинасы Қытайда өткен 7-ші «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Бұл туралы режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жуырда ғана біздің «Желтая кошка» жаңа фильміміздің әлемдік премьерасы Венеция фестивалінде өткен еді. Бұл картина әлемдің кинофестивальдерде өзінің жолын жігерлі түрде жалғастырып келе жатқанына өте қуаныштымын. Венециядан кейін Сан-Себастьян, Варшава болды, алдағы уақытта Токио, Бусан және көптеген басқа фестивальдер күтіп тұр. Ал күні кеше біз «Кошканың» Қытайдағы 7-ші Silk Road Internation al Film Festival-нде арнайы сыйлығын алғанын естідік!...», - деп жазды ол.

Халықаралық қазылар алқасы құрамына кірген Израиль елінің режиссері Амос Гитай, польшалық Малгожата Шумовска және фестиваль төрағасы «Оскар» сыйлығының екі мәрте иегері, атақты ирандық Асгар Фархади аталған жүлдені фильмдегі «Мазмұнның өзіндік ерекшелігі үшін» табыстаған болатын.

«...Осындай деңгейдегі кино қайраткерлерімен елену үлкен қуаныш әрі құрмет», - деп қосты режиссер.

Айта кетейік, 7-ші Silk Road International Film Festival Халықаралық кинофестивалі 11-16 қазан аралығында Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясының астанасы Сианьда өтті.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы