Размер шрифта:

Цветовая схема:

Құралиев Тұрсын Байтайұлы

Құралиев Тұрсын Байтайұлы

Актер

  • Туған күні

    06.01.1950

  • Жанрлар

    Тарихи

  • Фильмдердің саны

    1

Өмірбаян

Кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері. 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген. 2018 жылы қазан айында Алматы қаласында өмірден өтті. Әкесі - Құралиев Байтай (1898-1966), теміржолшы болған. Анасы - Құралиева Рақыш (1928-1996), ұжымшарда жұмыс жасаған. 1968 - 1972 жылдары М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады. 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 - 1977 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. 1977 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.  50-ден астам рөлдерде ойнаған. «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудиялары фильмдеріне түскен.

 

Толығырақ

Қатысқан фильмдері