Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Ауылшаруашылық өнімдері бәсекеге қабілетті

minagri 26 Мая, 2014 14:47 1028
Поделиться в соц. сетях:

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 170 млн. тұтынушысы бар, шамамен жалпы ішкі өнім сомасы 1,8 трлн. АҚШ доллары болатын үлкен нарыққа жол ашылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Іскерлік кеңестің кезекті отырысында айтылды. 2010 жылы жұмысын бастаған Кеден Одағының нәтижесінде күрке тауық, сиыр еті, макарон, ұн, күнбағыс майы, балық, тағы басқа өнімдер Ресей мен Беларусь нарығынан орын тапты. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: -Басында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені интеграцияға дайын емес, бәсекеге қабілетті емес деген сияқты түрлі күдіктер мен күмәндар болды. Бірақ біз бұл интеграцияның еліміздің ауылшаруашылық саласына зор пайдасы тигенін көріп отырмыз. Интеграцияның үш жылында Қазақстан одақтас елдерге шамамен құны 1 млрд. долларға жуық агроөнімдерді экспорттаған. Мәселен, 2010 жылы 150 млн, 2013-жылы 534 млн. долларлық ауылшаруашылық тауарлары Кеден Одағы елдеріне жөнелтілген. Ал импорт қарқыны 2011 жылы 44 пайыз болса, 2013 жылы ол 3 пайызға төмендеген. Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы: -Ет болсын, бидай болсын, ұн болсын, жеміс-көкөніс болсын, оның сапасы да, өз құндылығы да, Өзбекстан, Қытай, Ресей болсын кемшілігіміз жоқ. http://www.khabar.kz/kz/view/news_socium/page_74191_auylsharuashylyk-onimderi-basekege-kabiletti

Категория: Казахстан
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх