Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Игерілмеген жерлерге ерекше көңіл бөлінбек

minagri 31 Мая, 2014 03:05 817
Поделиться в соц. сетях:

13.03.2014. Ауыл – алтын бесігіміз. Дей тұра, салаға салғырт қараймыз. Жеткіліксіз қаражат, жылына 1,5-2 пайызы ғана жаңаратын ескі техника қазіргі ауыл шаруашылығын сипаттайтындай. Сондықтан, Президент биылғы Жолдауында агрокешендегі олқылықтың орнын толтыру жөнінде сала басшылығына бірқатар міндет жүктеді. Тапсырманы орындауға мамандар білек сыбана кірісіп те кетті. Бүгін Астанада арнайы алқа мәжілісін өткізіп, алда атқарылар ауқымды жұмыстарды жіктеді. Салалық бағдарламаға өзгеріс енгізіп, алты бағыт бойынша отандық ауыл шаруашылығының әлеуетін арттырмақ. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп, саланы ғылыми жаңалықтар енгізу арқылы дамытпақ. Қазақстан жер көлемі бойынша жаһанда тоғызыншы орында деп жар салғанымызбен, қолда бар алтынды қадірлемей отырмыз. Бос жатқан жер телімдерін жаңа технологиялар арқылы оны тиімді пайдалана алатын шаруаларға беру керек. Осы бағытта министрлік тың бастамаларды әзірлеп, оны биылдан бастап іске асыруды көздеп отыр. Арман Евниев, ҚР АШМ Жауапты хатшысы: Көптеген жерлер әлі пайдаланылмай жатыр. Жайылым жерлерді, суармалы жерлерді, соның барлығын нарыққа енгізу үшін, «мен істеймін, міне дайынмын, міне қабілетім бар» дейтін шаруашылықтарға қолдарын жеткізу керек. Өзгерістер үшін осы енгізілетін болады. Арнайы Өңірлік даму министрлігімен бірігіп жұмыс тобын құрып, іскекірістік. Әсем ИЗАТҚЫЗЫ Сілтеме: http://kaztrk.kz/kaz/news/society/Igerilmegen_zherlerge_erekshe_konil_bolinbek_id1392292533.html

Категория: Новости и политика
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх