Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Елімізде шетелден тасымалданатын азық-түлік 6,2 пайызға кеміген

minagri 12 Мая, 2015 11:57 662
Поделиться в соц. сетях:

Елімізге келетін импорттық тауар көлемі азайып, экспорттың үлесі көбеюде. Шетелден тасымалданатын азық-түлік 6,2 пайызға кеміген. «Бұл – тәуелсіздік алғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш», – дейді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Оның айтуынша, отандық тауарды сыртқа сату қарқын алды. Мәселен былтыр 12 мың тоннаға жуық ет және ет өнiмдерi экспортталды. Биылғы жылдың алғашқы 2 айында 620 мың тонна құс етi шетелге шығарылған. Ал былтыр осы мерзімде бұл көрсеткiш небәрі 141 000 тоннаны құрапты. «Сондай-ақ сүт және сүт өнімдеріне де сұраныс артып келеді», – дейді министр . Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі -Импорт 2,9 млрд АҚШ долларын, экспорт 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Азық-түлік импортының төмендеуі алғаш рет былтыр байқалды. Жалпы азық-түлік импорты 6,2 пайызға төмендеді. Ал ЕАЭО елдерінен келетін импорт 10 пайызға дейін төмендеді. Источник: http://khabar.kz/kz/news/economy/item/22827-elimizde-shetelden-tasymaldanatyn-azyk-tulik-62-pajyzga-kemigen

Категория: Новости и политика
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх