Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«Биле, Қазақстан!» - Ерімбетов Рауан (Кастинг. Шымкент. 2 күн)

Тогжан_123 17 Октября, 2016 16:49 259
Поделиться в соц. сетях:

Қазақстанда тұңғыш рет түрлі жанрда билейтін өнер иелері бір сахнада кездеседі. «Биле, Қазақстан!» – бұл отандық телеарналардағы алғашқы би сайысы болмақ. Мұнда кәсіби және әуесқой бишілердің басы бір арнада тоғысып, үздіктердің үздігі анықталады. Жарысқа биге икемі бар, өнердің осы түрін жетік меңгердім деген кез келген адам қатыса алады. Тележобаның іріктеу кезеңі Қазақстанның үш қаласында өтті. Олар Алматы, Астана және көрермендердің таңдауы бойынша Шымкент. Ал, еліміздің өзге аймақтарының тұрғындары өз өнерлерін бейнекамераға жазып, онлайн түрде жіберген. Бағдарлама барысында барлық қатысушылардың арасынан 20 биші таңдалып, олар төрт апта бойы «Хабар» арнасының тікелей эфирінде сайысқа түседі. Шоу алғаш рет 2005 жылы Америка Құрама Штаттарында «So You Think You Can Dance» деген атаумен көрсетілген. Қазіргі таңда 10-нан астам «Эмми» премиясын жинаған жобаның 13-ші маусымы эфирге дайындалуда. Біздің мемлекетімізден өзге әлемнің 37-ден астам елінде ұйымдастырылған байқау көрермен тарапынан жоғары бағаланған.

«Биле, Қазақстан!»/Барлық бөлімдері

Категория: Музыка и выступление
comments powered by HyperComments
назад наверх