Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Кеңістіктегі қозғалыс көрмесі

Kaztube_2 10 Января, 2018 10:59 895
Поделиться в соц. сетях:

2017 жылғы 14 қыркүйек күні "Тәуелсіздік сарайы" көрме залында коллекционер Жанна Спунердің жеке коллекциясының "Кеңістіктегі қозғалыс" көрмесі ашылды. Топтамаға Қазақстан өнері шеберлерінің көркемөнер туындылары да жиналған. Тәуелсіздік сарайы көрме залында дарынды шеберлердің бірегей жұмыстары қойылған. Жеке коллекция топтамасынан құрылған "Кеңістіктегі қозғалыс" көрмесінде А. Сыдаханов, сонымен қатар қазіргі заманғы суретшілер Ю. Зобак, А.Аканаев, Г.Маданов, А.Нода, К. Базаргалиев, С. Гумаров, А. Тазиев, А. Ахатбакиев, А. Обедин, М. Касымбек, М. Бакеев, Р. Сликенов, В. Люйко, сынды т.б белгілі суретшілердің жұмыстары қойылған. Бұл экспозиция халықаралық өнер қағидалары бойынша құрылған. Талғамға сай, сұлулыққа толы өнер Еуразияның жүрегі - гүлденген қала Астанада таныстырылды. Іс шараның мақсаты - рухани құндылықтарды тәрбиелеу, өнерге сүйіспеншілік, сондай-ақ уақыт пен кеңістік байланысы және жас ұрпақты шабыттандыру. 

Категория: Kaztube Studio
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх