Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

"ЕЛ АРНА" кино арнасы

elarna 18 Января, 2018 12:20 154
Поделиться в соц. сетях:

«ЕЛ АРНА» арнасы «Хабар» Агенттігі» АҚ Бірінші эфирге шығу күні: 27.03.2017 Қазақ тілі 50%, орыс тілі 50% 24\7 12+ жас, ерлер/әйелдер - 50/50, ауыл - қала, отбасын құрған, кемел жасқа толған адамдар ЕЛ АРНА – тек қана отандық көркем ленталар мен деректі фильмдерді көрсететін еліміздегі тұңғыш телеарна. Эфир уақытының 80 пайызы толық метражды киноларға тиесілі. Яғни, заманауи туындылар, қазақ киносының алтын қоры, халықаралық кинофестивальдерге қатысушы және жүлдегер фильмдерді тамашалауға болады. Эфирде деректі киноға да ерекше рөл беріледі. Өйткені арнаның міндеті – кинематоргафтағы аталмыш жанрдың қалың көрерменге жол тартуына ықпал ету. Осы орайда, тек ретроспективалар ғана емес, сонымен қатар, елдің бай тарихи-мәдени мұрасын паш ететін өткен жылдарда түсірілген сүйікті тележобалар арна аудиториясының назарына ұсынылады. Телеарнаны бағдардамалау саясаты өмірдің қазіргі ағымына сәйкес форматта жасалған. Жұмыс күндерінің кестесінде көркем фильмдер мен деректі жобалар қойылған. Демалыс күндері телехикаялардың 3-4 бөлімі нон-стоп режимінде бірден көрсетіледі. Яғни, киносүйер қауым бір айдың ішінде хикаяны соңына дейін көріп шыға алады. Қазіргі уақытта арна фестивальге арналған кино, арт хаус, жас режиссерлердің туындылары және қысқа метрден тұратын жобалардың каталогын құрастырып жатыр. Телеарна кино мектептер, қазақстандық кинофестивальдер, сонымен қатар, профильдік жоғарғы оқу орындарымен байланыста жұмыс істейді. Бұл арқылы телеарна шығармашылығын енді ғана бастаған жас кинематографистерге қолдау көрсетіп, авторлардың өз жұмыстары туралы баяндауына, ал көрермендерің жаңа киноны тамашалауына жол ашып отыр. Телеарнаның алға қойған мақсаты – ұлттық кинофильмдерді насихаттау және өнердің бұл түріне айрықша көзқарас қалыптастыру.

Категория: Лучшее событие телевизионного сезона
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх