Қазақстандықтардың мобильді репортер болу мүмкіндігі пайда болды Ағымдағы жылдың 25 қаңтарынан бастап«kaztube.kz» бейне-порталы «Мен – мобильді репортер» атты байқауын ашық деп жариялады. Аталған байқау бір ай бойы өтетін болады. Байқаудың мақсаты – интернет желісі қолданушыларының басым назарына ие бола алатын бейнелерді өз ұялы телефонына түсіру, ал ең резонансты бейненің авторы 200.000 теңге көлеміндегі ақшалы сыйдың иегері болады. Байқаудың басты шарты – бейне-баян басқа сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланбай, өз қолымен түсіріліп, тек «kaztube.kz» бейне-порталына жүктелуі тиіс. Ұйымдастырушылар бұл байқауды ай сайын өткізуді жоспарлап отырғанын атап өткен жөн. «Мен – мобильді репортермін» атты байқауның қатысушысы болу үшін Сізге: 1. Өз ұялы телефоныңызға видео түсіріп, 2. «Kaztube.kz» бейне-порталында тіркеліп, бейнені жүктеп, бейне жайында қысқаша сипаттама жазып, өз байланыс телефондарыңызды қалдырып; 3. Тэг-терге арналған арнайы тармақтарға: мобильный репортер, конкурс kaztube, хочу приз сөздерін жазу қажет.
Жариялауға шектеу салынады:
Порнографиялық сипаттағы материалдар;
Өшпенділікті немесе адамдарды нәсілі, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша кемсітушілікті насихаттайтын, діни, ұлтаралық араздықты тудыратын, зорлық көрсетілген, немесе жануарларға деген қатігездік көрсетілген материалдар;
Порталдың басқа қолданушыларына, нақиы тұлғала мен ұйымдарға деген дөрекілік көрсетілген, қауіп-қатер белгілері бар материалдар;
Балағат сөздер, сондай-ақ дөрекі және қорлаушы айтылулар мен сөйлемдер бар материалдар;
Жарнамалық роликтер, сату, сатып алу немесе тауарлар мен қызметтерді айырбастаудың нақты жарнамалары.
Категория: Kaztube Studio