Алматы облысы аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіп нысандары, көшелеріндегі көрнекі ақпарат "Тілсақшының" назарында. Қазақстан Республикасының негізгі Заңы - "Конституция", ҚР "Тіл туралы" және "Жарнама туралы" Заңдарының негізінде жұмыс істейді. Бағдарламаның әр санында қателерге ескерту айтып, түзетілуін қадағалайды. Сыннан нәтиже шықпаған жағдайда, құзырлы органдардың көмегіне жүгінеді. Қысқасы, жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына қатысты ақпаратты насихаттайтын хабар.
Категория: Лучшая просветительская программа