Тордағы әйелдер. 80 жылдық тарихы бар Жауғаушты ауылында орналасқан ЛА 155/4 әйелдер колониясы туралы арнайы репортаж. Бүгінде 500-ге жуық әйелдер жазасын өтеуде. Ең жасы 18-де. Абақтыда адам қанын мойнына жүктегендедің саны 130-дан асады. Яғни кісі өлтіргендер басым болып отыр. Қалғандары есірткі саудасы мен алаяқтықпен айналысқандар. Түрмеге бір емес бірнеше рет қайта келгендер де бар. Қылмысқа не үшін барды, не түрткі болды, өкініш бар ма? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік. жалпы бағдарламада тордағы әйелдердің тыныс-тіршілігін көрсеттік. Түрме аумағында орналасқан сәбилер үйіндегі балалардың жағдайы да толығымен көрсетілген.
Категория: Лучший социальный проект