Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

"Енші" зияткерлік-танымдық телебағдарламасы

yenshi.kz 06 Февраля, 2018 15:00 69
Поделиться в соц. сетях:

Компания атауы: «MEDIA PROMOTION-Z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Телеарна атауы: "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы Формат (жанр): Зияткерлік-танымдық телебағдарлама Хронометраж: 36 мин. Эпизодтар саны: 16 с ерия Эфирге тұңғыш шыққан уақыты: 24 қараша 2017 жыл Жобаның қысқаша сипаттамасы: Білім додасы талантты жастарды тану, олардың оқуға қызығушылығын арттыру және білімді насихаттау арқылы көрермен қауымның ғылым-білімге деген талпынысын күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, жан-жақты әрі білімге құштар, логикасы мен интуициясы дамыған жастарды көпшілікке таныстыру, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, тұрмыста қолданылған құрал-саймандарын дәріптеу – жобаның басты мақсаты саналады. Төрт кезеңді қамтитын сайысқа 10-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері қатысады. Алғашқы айналымда тіл білімі, мәдениет, таным, дәстүрден қатысушыларға 15 сұрақ қойылады. Екінші «Тоғыз торап» айналымында ойыншылар 9 түрлі тақырып төңірегінде өзара сынға түседі. Жобаның үшінші кезеңі «Жамбы ату» деп аталады. Бұл айналымда ойыншылар өздері қалаған ұяшыққа жамбыны орналастыру арқылы жауапты таңдауға мүмкіндік алады. Соңғы «Олжа» айналымының сұрақтары қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрлер, фольклордан келеді. Білім бәйгесінен оза шауып, артына қара салмаған қатысушы доданың бас бәйгесіне иелік етіп, еншісін алады.

Категория: Лучшая просветительская программа
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх