Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«Біздің уақыт» апталық ақпараттық-сараптамалық бағдарлама (14.10.2017ж.)

ASTANA TV 20 Февраля, 2018 13:58 381
Поделиться в соц. сетях:

Жобаны өз эфирінде орналастырған телеарнаның атауы: «Астана» телеарнасы. Формат (жанр): Ақпараттық бағдарлама Хронометраж - 45 минут. Эпизод саны: 1 Бірінші эфирге шығу күні: 14.10.2016 Эфирге шығу уақыты: 20:00 Қысқаша сипаттамасы: «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптама бағдарламасы апта ішіндегі елең еткізген, қоғамдық пікір туғызған оқиғалар мен мәселелерді талдайды. Әлеуметті толғандырған тақырыптардың астарларына үңіліп, сарапшы-мамандармен қоса, әлеуметтің өзінің де пікірлері мен комментарийлерін береді. Сонымен бірге эксперттерден арнайы сұхбат алады. Болып жатқан оқиғаларға параллель жүргізіп, кейбірін «перпендикуляр» да қояды. Мұндай стиль мәселелерді жан-жақты түсінуге, тереңірек бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – әлемдік тенденциялардың, құбылыстардың бағытын бажайлап отырады. Бұл үлкен саясатқа ғана емес, экономиканың сан-саласына – автоөндірістен бастап жаңа технологияларға қатысты. Рухани әлем – мәдениет пен өнер, тарих пен білімге байланысты материалдар құрғақ ақпарат түрінде емес, қатпарларына үңіле отырып, бірінші кезекте «ағарту» позициясынан беріледі. «Біздің уақыт» қазіргі уақытқа анализ жасап, сауалдардың себебі мен салдарын анықтауға тырысатын ресурс. Жобаның бірегейлігі сипаттамасы: Республикалық арналарда мол тәжірибе жинақтаған, қаламды қарымды журналист, белгілі тележүргізуші Жайна Сламбектің авторлық сараптама бағдарламасы. Бағдарлама барысында автор еліміздегі және әлемдегі елең еткізер оқиғалар туралы сараптама жасайды. Кез-келген мәселеге байланысты өткір ойлар айтылады. Тақырыпты тұздықтай түсу үшін сарапшылар мен мамандардың пікірі сараланып, әр мәселе түбегейлі зерттеледі

Категория: Лучшая информационная программа
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх