Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

OŃTÚSTIK телеарнасы

NTK_Kazakhstan 28 Февраля, 2018 14:26 129
Поделиться в соц. сетях:

«Оңтүстік» - 3 млн-нан астам тұрғыны бар күнгейдің басты арнасы! Телеарнаның таралым уақыты 14 сағаттан 18 сағатқа артты. 28-тамыз. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты барлық медиаактивтер тың форматта жұмысын бастаған күн. Ресми белгісі «Qazaqstan» болып өзгерген ұлттық арна мен оған еншілес ақпарат құралдары, соның ішінде «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы «Оңтүстік» болып ауысты. Ребрендинг барысында ортақ танымал логотип бекітіліп, ренейминг, редизайн жұмыстары жүргізілді. Анимациялық-декоративті LED экран, заманауи форматтағы камералар, республикалық арналарда кем кездесетін тілшілерге арналған рюкзак тағы да басқа құрал-жабдықтар жаңарды. Бүгінде арнаның бояуы қанық, эфирлік кескіні анық. Тікелей эфирде шығатын «Таң нұры», «Бүгінгі әңгіме», «1001 мәселе», «Денсаулық», «Шамшырақ», «Ашық алаң» сынды бағдарламалардан бастап жаңа маусымда 10-нан астам бағдарламалар, қосымша телеарна құрамындағы «Оңтүстік» радиосы тікелей эфирде-онлайн көрсетіле бастады. Түрлі жанрда фильмдер түсіруді қолға алған ұжым алдағы уақытта да кішкентай көрермендерін қуантпақ. Таланттар даралаған, көптің сұранысын қанағаттандырған ұжымның жетістігі мұнымен тоқтамайды.

Категория: Лучший региональный телеканал
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх