Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

AQJAIYQ

pfomenko 28 Февраля, 2018 19:29 168
Поделиться в соц. сетях:

«AQJAIYQ» телеарнасы тәулігіне 15 сағат, аптасына 105 сағат бағдарлама таратады. Арнада тәулік бойы эфирге беретін бағдарламаның 4 сағаты – төл өнім. Оның 61 пайызы – мемлекеттік тілде. Филиал осы заманғы цифрлық санаттағы бейне-дыбыс жазу, монтаждау құралдарымен толық жабдықталған. Үш студия бар. Техникалық даму барысына тоқталсақ, 2003 жылдан бастап телеарнаның бағдарламалары «Кателко» ғарыштық жүйесі арқылы таралатын болды. Телеарнаның хабарлары Орал, Астана, Алматы қалаларындағы кабельдік жүйелерде және 2014 жылдан Интернет арқылы он – лайн көрсетілуде. Арна әлеуметтік желіде жақсы танымал. (Қазіргі оқырмандар саны: Фейсбук - 9971, В контакте - 8920 , Инстраграмм – 8009, Твиттер - 1378). 54 жылдық тарихы бар арнаның шығармашылық әлеуеті қашанда жоғары. «AGJAIYQ» телеарнасының жаңа эфирлік кестесінде түрлі жанрдағы 41 телехабар бар. «Ел алдында», «Время вашего вопроса», «Социум», «Специальный репортаж» тікелей эфир хабарларының көрермендермен кері байланысы жақсы. Сондай-ақ, рейтингі жоғары хабарлар ішінде «Ой талқы», «Правда жизни», «Көңілді көтер», «Эрудит» бағдарламалары бар. «AQJAIQ» телеарнасы күнделікті қызметінде «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы даму тұжырымдамасын, нормативтік құжаттары мен нұсқауларын негізге ала отырып, сапалы телерадио хабарларды дайындап, таратуды көздейді. «Қазақстан-2050» стратегиясын, Елбасы Жолдауларының басым бағыттарын, «100 қадам» Ұлт Жоспары, экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелерді, т.б. насихаттауда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату», «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы», «Жарнама туралы», «Тілдер туралы» Заңдарын және ҚР басқа да заңнамаларды негізге алады. Бүгінде «AQJAIYQ» телеарнасы тәулігіне 15 сағат, аптасына 105 сағат бағдарлама таратады. Арнада тәулік бойы эфирге беретін бағдарламаның 4 сағаты – төл өнім. Оның 61 пайызы – мемлекеттік тілде. Филиал осы заманғы цифрлық санаттағы бейне-дыбыс жазу, монтаждау құралдарымен толық жабдықталған. Үш студия бар. Техникалық даму барысына тоқталсақ, 2003 жылдан бастап телеарнаның бағдарламалары «Кателко» ғарыштық жүйесі арқылы таралатын болды. 2010 жылдың 9 қыркүйегінен барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендер «AQJAIYQ» арнасының тәулігіне 15 сағаттық бағдарламасын көру үшін 14 дербес эфирлік қабылдау-тарату қондырғылары іске қосылды. Филиалдың материалдық – техникалық базасында айтарлықтай сапалық өзгерістер болды. 2011 жылы «Sinergi» жүйесі негізінде «жаңалықтар фабрикасының», таспасыз технология мен эфирді автоматтандырудың негізінде салалық сапа артты. Филиалда түсіруден бастап эфирге берілуге дейінгі ортада оптикалық-талшықты технология қолданылады. 2016 жылдың ақпан айынан филиалдың 16:9 форматқа көшуі технологиялық «секіріске» айналғанына күмән жоқ. Телеарна 2013 жылдан SDI форматында хабар таратады. 2017 жылы студиялық камералар паркінің, АСБ -1, АСБ – 2 және эфирлік аппараттық кешеннің жаңғыртылуы телеарнаның HD форматта хабар таратуына мүмкіндік берді. 2012 жылы желтоқсан айында «Кателко» спутниктік станциясы мен эфир студиясы арасына талшықты оптикалық линия жүргізілді. Бұл 16 талшықты желіден тұрады. Қазіргі кезеңде оның 4 желісі пайдалануда. Қазіргі кезеңде эфир сигналы «Кателко» жүйесіне жоғары сапамен беріледі. 2012 жылы 21 желтоқсанда жаңа аппаратты студиялық кешенінің (АСК) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 1664,26 шаршы метр. Телеарнаның хабарлары Орал, Астана, Алматы қалаларындағы кабельдік жүйелерде және 2014 жылдан Интернет арқылы он – лайн көрсетілуде. Арна әлеуметтік желіде жақсы танымал. (Қазіргі оқырмандар саны: Фейсбук - 9971, В контакте - 8920 , Инстраграмм – 8009, Твиттер - 1378). 54 жылдық тарихы бар арнаның шығармашылық әлеуеті қашанда жоғары. «AGJAIYQ» телеарнасының жаңа эфирлік кестесінде түрлі жанрдағы 41 телехабар бар. «Ел алдында», «Время вашего вопроса», «Социум», «Специальный репортаж» тікелей эфир хабарларының көрермендермен кері байланысы жақсы. Сондай-ақ, рейтингі жоғары хабарлар ішінде «Ой талқы», «Правда жизни», «Көңілді көтер», «Эрудит» бағдарламалары бар. Мәселен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай, елдің ертеңін, ұлтың болашағын идеологиялық аспектілермен байытатын «Өскен өңір» бағдарламасы шілде айынан бастап көрерменге жол тартты. «Ауылым алтын қазық», «Туған жерге туыңды тік» секілді бөлімдерден құралған бағдарламада ауылда еңбек етіп, қара жерге кіндігі байланған жандардың өмір белесі мен ауылдан шыққан тұлғалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі жөнінде айтылады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлық мақаласында «.. оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкерлеріне айналдыруымыз керек» деген болатын. «Өр өлкенің өрнегі» деген бейнебаяндар циклі басталды. Негізгі мақсат –облыстағы Хан ордасы, Ешкітау, Торыатбас сияқты көрікті жерлерін көпшілікке көрсету, таныту. «Танылмаған талант» атты жобаны көрерменге жаңаша ұсынды. Елбасымыздың «Ұлт жоспары-100 нақты қадам" реформасына сәйкес, ақпараттық саясатты насихаттау шеңберінде «Мәслихат» телехабары эфирге шыға бастады. Телехабарда аудандық, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жөнінде мәлімет беріп, халықпен байланысқа шығуда. Сондай-ақ, тікелей эфирге қоғамдық кеңес мүшелері де шақырылады. «Эрудит» атты зияткерлік жоба қолға алынды. Облыстық білім басқармасының нақты көмегімен жүзеге асатын жоба мектеп оқушыларын жан-жақты жетілдіріп, танымдық – логикалық қабілетін ұштап, білімге деген құштарлығын арттырады. Үш жылдан бері эфирден түспей келе жатқан жас дарындардың талантын шыңдауды көздеген «Бозторғай» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

Категория: Лучший региональный телеканал
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх