Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

QYZYLORDA

pfomenko 28 Февраля, 2018 19:29 191
Поделиться в соц. сетях:

Аймақ айнасы – «Қызылорда» телеарнасы – Тәуелсіздіктің төл құрдасы. 27 жыл ішінде заман ағымы дәуір тынысына қарай сан түледі, түрленді. Алайда, аймақ айнасы көзі қарақты көрермен алдындағы адал миссиясынан айныған жоқ. Шынайы ақпар, жедел хабар тарату қағидасын басты назарда ұстады. Тәуелсіздікпен бірге түлеген «Қызылорда» телеарнасы бүгінде: Қаржылық қауқары мол; Заманауи технологиялармен толық жабдықталған; Төл туындылары 72 пайызды, ал тәуліктік хабар таратудың көлемі – 90 пайызды құрайтын; Журналистикадағы жаңа тенденцияларды өндіріске батыл енгізген, бәсекеге қабілетті өңірлік телеарна. Ғимарат аумағы 2700 шаршы метр, 3 және 4 қабатты 2 блоктан тұрады. 604 орындық концерттік студия. Телеарна заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Телеарна 2017 жылы облыстық филиалдар арасында республикада алғашқылардың бірі болып тәулігіне үзіліссіз 18 сағат хабар таратуға көшті. Жаңалықтар тәулігіне 6 рет тікелей эфирге шығып, аймақ және ел ақпараттарымен хабардар етеді. /тиртмен студия аумағы -47,6 ш.м. / Ал, «Үштаған» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында аптадағы айшықты оқиғаларға деректі және дәйекті сараптама жасалады. Сонымен бірге: Түрлі түйінді мәселелерді уақытында көтеріп, қоғамдық санаға қозғау салатын қоғамдық – саяси /Алқа, Өзекжарды, Қазақстан-2050) экономикалық /Бизнес бағдар, Салық және халық құқықтық (Заңгер кеңесі) әлеуметтік-саяси ток шоу /Өмірдің өзі, Ақиқат алаңы) ақпаратты-танымдық /Жаңа күн, Ұлт саулығы, Мәртебелі мамандық/ /титрмен түсіру павильоны(176 ш.м.)/ поэтикалық /«Өмір өлең»/ спорттық /Бәйге/, / титрмен: NewTek TriCaster455 станциясымен жабдықталған HD форматындағы виртуалды студия/ ойын-сауықтық /Орда лайк, Сыр серілері/ 40-қа жуық хабарлар көрермен көзайымына айналған. «Қызылорда» телеарнасының өзге облыстық филиалдардан артықшылығы халық шығармашылығын дамыту мен жергілікті музыкалық контентті қалыптастыруға айрықша басымдық беруі. Бүгінде балалар шығармашылығына арналған «Ботақан», жастардың эстрадалық орындаушылық шеберлігін танытып жүрген «Сыр жұлдыздары», жыраулар поэзиясы мен дәстүрлі ән мен күйді, фольклорлық музыканы насихаттаушы «Жыр керуен» телефестивалі мен «Қорқыт және Ұлы дала сазы» сынды тағылымды музыкалық хабарлары өз өміршеңдігімен құнды. Телеарнаның техникалық әлеуеті маңызды саяси және мәдени шараларды оқиға орнынан онлайн және тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да телеарна билік пен қоғам арасындағы бірлікті сақтай отырып, ұлттың рухани жаңғыруына үлес қоса бермек....

Категория: Лучший региональный телеканал
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх