Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«Парасат майданы»

pfomenko 28 Февраля, 2018 19:29 109
Поделиться в соц. сетях:

Жобаның атауы - «Парасат майданы». Жүргізуші - Дархан Әбдік, Жобаны ұсынушы компанияның атауы - «Қазақстан» РТРК» АҚ. Жобаны өз эфирінде орналастырған телеарнаның атауы - «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы Формат (жанр) -танымдық. Хронометраж - 30 мин. Эпизод саны -37. Бірінші эфирге шығу күні - 21.04.2018 ж. , ұсынылған шығарылым күні - 24.11.2017ж. Эфирге шығу уақыты23:30 (апта сайын) Қысқаша сипаттамасы: Әр хабарға 2 қонақ шақырылады. Бірінші тақырыпқа арналған сюжет проектор арқылы көрсетіледі. Әрі қарай әңгіме студия қонақтарымен жалғасады. Әр қатысушыға тарихи оқиға жайлы өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі. Бұл хабарда талқылау, пікірсайыс қарастырылмаған, әркім өз көзқарасын, толғанысын, ойын білдіреді. Әрі қарай екінші сюжет немесе өзге бейнематериал көрсетіліп, жүргізуші-автор ондағы тақырыптың әңгімеге тұздық болған алдыңғы тақырыпқа байланысы, қатысы жайлы айтып, өз ойын білдіре отырып, қатысушыларға сұрақ қояды. Ортаға салынған ой-пікірден көрермен өз іздегенін тауып, сұрақтарына жауап алуы керек. Қазіргі көрермен экран алдында ұзақ отырғысы келмейді. Сондықтан хабардың хронометражы ұзақ емес (30 мин). Жобаның бірегейлігі сипаттамасы: Мәдениет, ғылым, өнер және әдебиеттің салаларындағы білікті мамандардың рухани әңгімесі. Зияткер тұлғалармен кездесіп, олардың бүгінгі оқиғаларға қатысты пікір-көзқарасын анықтау. Сондай-ақ қоғамның даму бағытына, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге руханият өкілдерінің төрелік айту беделін қалыптастыру. Жан-жақты білімді, әлемнің үздік тәжірибесін игерген, жаңа ойлау үрдісіндегі азаматтардың тұлғалық портетін насихаттау. Хабар эфирге шығатын аптадағы күндерде болған адамзат дамуына, өткениетке қайталанбас үлес қосқан тарихи оқиғалар бүгінгі қоғам өмірімен ұштастырыла әңгімеленеді.

Категория: Лучшая просветительская программа
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх