Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«Таңшолпан»

pfomenko 28 Февраля, 2018 19:29 75
Поделиться в соц. сетях:

Жобаны ұсынушы компанияның атауы - «Қазақстан» РТРК» АҚ. Жобаны өз эфирінде орналастырған телеарнаның атауы - «QAZAQSTAN» ҰТА Формат (жанр) - танымдық ақпараттар, пайдалы кеңестер, мазмұнды сұхбаттар, әсем ән, әуезді күй, ырғақты би, қызықты қойылымдар, әлеуметтік тақырыптар, астарлы әзілдерден тұратын бағдарлама. Хронометраж - 155 минут. Эпизод саны - 257 бағдарлама (жылына). Бірінші эфирге шығу күні - 14 желтоқсан, 1992 жыл. Ұсынылған шығарылым күні -10.11.2017ж., шығу уақыты - 07:00 сағат. Қысқаша сипаттамасы: «Таңшолпан» бағдарламасы жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның бастамасымен құрылған. Жобаға осы атауды берген де Шерхан Мұртаза. Өткен жылы «Таңшолпан» бағдарламасына 25 жыл толды. Ширек ғасырда таңғы хабар қазақ телевизиясы тарихының түгенделіп, жазылуына қомақты үлес қосты. Бағдарлама еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің хабаршысына айналды. Күн сайын көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, пайдалы ақпараттар беру, әр сала мамандарының кеңесін ұсыну, жаңа есімдерді халыққа таныстыру, танымал тұлғалармен сұхбаттасу, күнделікті ауа райы, валюта бағамымен хабардар ету, еліміздегі және әлемдегі жаңалықтарды жедел түрде жеткізу – бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі.

Категория: Лучший развлекательный проект
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх