Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«Айғақ» Телерадиокомпаниясы» ЖШС Үздік өңірлік телеарна

ТРК "Айғақ" 01 Марта, 2018 17:17 345
Поделиться в соц. сетях:

«Айғақ» Телерадиокомпаниясы» ЖШС заңды тұлға ретінде 2002 жылдың 11 қазанында мемлекеттік тіркеуден өтті. 2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен арнайы куәлік алып, Оңтүстікте тұңғыш рет 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын қоғамдық телеарна ретінде 2007 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында «Айғақ» телеарнасы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, көрермен көзайымына айналды. Ақпараттық, қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту, танымдық төл туындыларымен ақпарат айдынында өз орнын айшықтаған «Айғақ» телеарнасы – Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аймағына тарайды. Өңірде алғашқылардың бірі болып сандық эфирлік тарату жүйесіне қосылды. Тәулік бойы өз көрермендеріне елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарды хабардар етіп отырған қоғамдық телеарнаның түрлі танымдық бағдарламалары да лайықты бағасын алып келеді.Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында спутниктік OTAU TV / T2 құрылғысы мен кабельдік ALMA TV, DANA TV арқылы, сондай-ақ ID TV интернет желісі арқылы еліміздің барлық өңірлеріне көрсетіледі.

PDF

Категория: Лучший региональный телеканал
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх