Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«EXPO-2017» (открытие и закрытие),»

pfomenko 03 Марта, 2018 18:57 146
Поделиться в соц. сетях:

Жобаны ұсынушы компанияның атауы - «Қазақстан» РТРК» АҚ. Жобаны өз эфирінде орналастырған телеарнаның атауы - «QAZAQSTAN» ҰТА. Хронометраж - 1 сағ 5 мин. Эпизод саны- 1. Бірінші эфирге шығу күні - 10 қыркүйек 2017 жыл. Қысқаша сипаттамасы: ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатында «Адам қуаты» деп аталатын ерекше акция ұйымдастырылды. Салтанатты кеште Елбасыдан бастап қол ұстасқан қонақтар бір-біріне қуат беру арқылы Сфераға жарық сыйлады. Кеш қонақтарынан бөлек, қол ұстасқан бір жарым мыңға жуық ерікті Конгресс-холлдан ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символы - «Нұр әлемге» дейін сап түзді. Олардың кеуделеріндегі ЭКСПО-2017 көрмесінің басты бойтұмары да бірінен кейін бірі жанып, шарға жетті. Бұл тізбектің 2 232 адамнан құралуында да үлкен мән жатыр - ЭКСПО-2017 көрмесі тұтас 2 232 сағатқа жалғасқан еді. Тізбек соңында тұрған Көрменің басты кейіпкері - кішкентай балақай толассыз энергиямен қуаттанып, Сфераға қолын тигізген сәтте айнала жарқырап шыға келді. Бұл бірліктің, берекенің, сарқылмас қуаттың белгісін білдірсе керек. Осылайша, Астана аспанында Тұманбай Молдағалиев пен Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» әуелеп, алып шарда бейнеленген бейбітшілік құсы көкке, күллі әлемге қанат самғады. Бұл - биікке талпынған жасампаз Қазақ елінің нышаны еді.

Категория: Лучшая режиссерская работа
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх