Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Халықаралық көркемсурет көрмесіне арналған баспасөз конференциясы

Kaztube_2 13 Июня, 2018 11:12 426
Поделиться в соц. сетях:

ҚР Ұлттық музейі ғимаратында «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған отандық қылқалам шеберлерімен қоса АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, және Азияның Жапония, Үндістан сынды елдерінен үздік суретшілер қатысты. Олардың қатарында Ұлыбританияның Корольдік өнер қауымының мүшесі Александра Коннор, Жапонияның акварельмен бейнелеу өнерінің шебері Акира Мурата, Бразилиядағы Панамерика өнер мектебінің тәлімгері Жизель Улисс, Үндістанның заманауи көркемөнер шебері Рам Вираньян, АҚШ Ұлттық өнер грантының иегері Артем Миролевич, Голландияның ретроспективалық көркемөнер шебері Димитрис Воязоглоу, Ресейлік Игорь Дубовой, Түркиялық Оркун Муфтуоглу, Белоруссиядан Инна Болундь, Кореядан Клеменс Беунгун Суу, Хорватиялық Марко Зубак, Қырғызстаннан Адылбеков Байтерек, Италиялық Джованни Томасси Феррони, сонымен қатар, Гүлмира Телғозиева, Бақтыгерей Телеубай, Амангелді Кененбаев, Нұрбазар Қожин, Қайыр Оразғалиев, Айнабек Оспанов, Тілеужан Батанов сынды әйгілі отандық суретшілер де қатысады. Көрмеде жоғарыда аталып кеткен шетелдік және отандық суретшілердің Астана жайлы өнер туындылары ұсынылды.

Категория: Kaztube Studio
Новости партнеров
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх