Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

«PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалі

Kaztube_2 11 Июля, 2018 10:43 336
Поделиться в соц. сетях:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Елордада екінші мәрте «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалін ұйымдастырды. Оған шетелдік және отандық 20 кәсіби фотограф қатысты.

Қытай, Жапония, Франция, Италия, Германия, Англия, Ресей, Армения сынды елдерден келген кәсіби фотографтардың барлығы – әлемге танымал фотосуреттердің авторлары. Олардың арасында Армения Президентінің жеке фотографы Давид Акопян бар. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін түсіріп, әлеуметтік желіде бірден танымал болды. Суретті түсірудің ерекше әдістерімен өз брендтерін қалыптастырып үлгерген мәскеулік Валера және Наталья Черкашиныларды де даралауға тұрарлық.

Шілденің 10-ы күні «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалі қорытындыланды. Түсірілген фотоколлекция «Бәйтерек» монументінің алдында «Астана әлем фотографтарының обьективінде» фотокөрмесінде көрерменге ұсынылды.

Категория: Kaztube Studio
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх