Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Түн оралса, сырласам айымменен...

Aikosmuz 11 Октября, 2018 16:37 351
Поделиться в соц. сетях:

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эльдар Мансуров «Dönməz daha gedən qatar» Бейнематериал авторы – LiLoveLi Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстграмм – aikosmuz Түн оралса, сырласам айымменен, Тағдырымыз ұқсас қой, соны білем. Сенде жалғыз, менде жалғыз, кім білген, Өмірімнің өтерін, сырласумен. Ата-бабам білгендей, есіміме, Айдың гүлі боларсың, деген екен. Бұйрық пе екен, тағдырдан өміріме, Салып қойған түнгі айды, көңіліме. Шаршайсың ба тыңдаудан, мұңдарымды, Тығыласың бұлттардың, ар жағына. Тоқтай тұршы, айтарым бар, асықпа, Сені күтем, бәрібір, таң атқанша. Айтасың-ау, сен маған, ойнаймын деп, Көтеріңкі, бүгін сенің көңілің. Әйтеуір тұрғандайсың, іздеп себеп, Маған ғана, мәлім ғой, үнсіз сөзің. Амал қанша, сен аспанда, мен жерде, Бірде күліп сөйлеймін, бірде өксіп. Бар ғой сабыр, түнгі айым, білем сенде, Бірақ маған, ренжімессің, мен пенде.

Категория: Творчество
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх