Итальян драматургі Фурио Бордонның бұл пьесасы адамға тән жалғыздық құсасы психологиялық шеңберде суреттелген. Тілектес Мейрамов спектакльде шау тартқан отағасы – Ер Адам бейнесін сомдайды. Кейіпкердің жалғыз ұлы мен келіні, екі немересі бар. Алайда ол өзінің бір баласына керек болмай қалғанын түсінгенде өз еркімен қарттар үйіне кетуді қалайды. Бірақ отбасын қимай, күйзеліске тап болып, қайтыс болған әйелінің елесімен сыралсады. Перзенті неге осыншама қатыгез болып шықты? Драма осы сауалға жауап береді.
Категория: Kaztube Studio