Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 маусым, 2020393

40-тан аса отандық картина ұлттық кино мәртебесіне ие болады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы екінші киножобалар питчингінің қорытындысын жариялады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша Сараптамалық кеңес шығарған шешім мен ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылай қолдау жөніндегі мәселелер бойынша Ведомствоаралық комиссия ұсынысының нәтижесінде 42 картина ұлттық кино мәртебесіне ие болады.

Биылғы жылдың қыс маусымында өткен киножобалар питчингіне барлығы 223 өтінім келіп түскен. 88 жобаның авторын мемлекеттік орталық жанындағы Сараптамалық кеңес қорғауға қатыстырды. Айта кетейік, жобаларды қорғау үрдісі алғаш рет онлайн форматта өтті. Оның нәтижесінде 58 киножоба іріктеліп алынып, Ведомствоаралық комиссия қарауына жіберілді.

Сөйтіп, мемлекеттік қаржыландыруға ие болатын 9 деректі («Серикбол Кондыбай. Воин духа», «Батыры Великой Отечественной: Рахимжан Кошқарбаев, Григорий Булатов», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник», «Горящий октябрь 1941-го», «Последний рубеж», «Властительницы Евразии», «Кыз Жибек: рецепт любви и успеха», «Касым Джакибаев», «Бату. Исторический детектив»), 1 авторлық («Ауыл»), 2 халықаралық өнім (қазақстандық-венгриялық «Олиара» және қазақстандық-татарстандық «Көкбозат» кинофильмдері), 8 көркем («Ақ боз үй», «Мама – я живая!», «Адам и Алма», «Боран», «Дос Мұқасан», «Лето 1941-го», «Хирург», «Билет из рая»), 5 анимациялық («Алтын адам», «Кенже қыз», «Колыбельная», «Караван Историй», «Еркетай») және 9 қысқаметрлі фильмдер («Таутай-лақ», «Құс», «Слезы недорого», «Горячее озеро», «Самый долгий день лета», «Көше ақыны», «На Восток от Рая», «Рух», «Граната») таңдалып алынды. Бұлардан бөлек, 5 дебюттік («Возвращение Моря», «Бауырына салу», «Параолимпиец», «Братья», «Молочная девочка») және «Алыстағы ағайын» байқауы бойынша 2 кинолента («Номады 21 века», «Алыстағы ағайын») жарық көретін болады. Сонымен қатар, биылғы жылы һәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған бір кинолента («Слова назидания Абая») түсіріледі.

Аталған жобалардың 13-ін «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асыратын болады. Осы мақсатқа оларға бір миллиард теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетіледі. «Серикбол Кондыбай: воин духа», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник», «Касым Джакибаев», «Алтын адам», «Олиара», «Таутай-лақ», «Самый долгий день лета», «Горячее озеро», «Көше ақыны», «Граната», «Рух», Номады 21-го века» және «Возврашение моря» - бұл карашаңырақтың түсіретін фильмдері. Мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған қалған 29 жоба жеке продакшндардың күшімен түсіріледі.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы