Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 қыркүйек, 2020313

"91-19. TÁÝELSІZDIK JOLY" атты жаңа инста-сериал жарыққа шықты

Отандық киноиндустриямызда тағы бір су жаңа өнім. Бұл жолы киногерлер өз өнімін ерекше мазмұнда жеткізгісі келген болар, жоба әлеуметтік парақшадан тікелей көрсетілетін болмақ. Жаңа картинадан тағы қандай ерекшеліктер күтуге болады?

 

    Бүгінде қазақстандық жас кинорежиссерлер жаңа идеяларымен қуантуда.  "91-19. TÁÝELSІZDIK JOLY" деп аталатын жоба бірнеше бөлімдерден тұратын сериал болмақ. Аты айтып тұрғандай, осы жоба арқылы еліміздің тәуелсіздіктен кейінгі тарихындағы ерек даталар мен оқиғаларды жеткізу болмақ. Сондай-ақ, бұл сериалдың барлық бөлімдері Instagram әлеуметтік желісіне салынатын болады, яғни дәл осы желінің қазіргі күнде  көрермендермен жиі қауышатын ортаға айналып кеткен деген сөз. Дәл осындай әдіс әсіресе шетелдік практикада жиі қолданылады. Олардың қатарында 2019 жылы көптеген елдің назарына ілікке “Eva Stories” веб-сериалы бар. Жоба 1 мамыр күні 2019 жылы жүзеге асқан болатын. Еврей қызы Ева Хейманның күнделіктеріне негізделген веб-сериал нацизмнің құрбаны болған еврейлерді еске алу үшін түсірілген. Жобаның авторлары-израильдік миллиардер Мати Кохави және оның қызы Майя болды. Олардың айтуынша, Instagram жастармен байланыс орнатудың бірден-бір ашық жолы әрі құралы болып отырған көрінеді. Мати Кохави: "Егер біз Холокост тарихын жас ұрпаққа жеткізгіміз келсе, жастар көп шоғырланатын ортаға баруымыз керек. Демек, ол -  Instagram". Сериал кейіпкері Ева Хейманның күнделігі қалам мен қағаз емес, телефон мен әлеуметтік желі болғанда не болар еді? Осындай сұраққа негізделген веб-сериалдағы оқиғалар 1944 жылы орын алады. Сондай-ақ, дерекке сенсек Ева жаңалықтар жариялайтын фотограф болуды армандаған. Көп көрермендердің айтуынша, жоба авторлары бұл картинамен Еваның арманының жүзеге асуына кішкентай болса да, бір адым жақындағанын айтады. 

    Сонымен, ал қазақстандық веб-сериалда 1991 жылы өмірге келген Нұрсұлтан есімді жас жігіттің өмір жолы баяндалады. Нұрсұлтан өз тарихын еліміздің тәуелсіздік датасымен тікелей байланыстырады. Әрбір серия 90 – шы жылдардағы өзекті оқиғаларынан бастап астананы көшіруге, оны мемлекеттік бірліктің жаңа символы ретінде қалыптастыруға дейінгі жеке тарихи кезеңдер туралы баяндалады. Әлеуметтік жобада еліміздің біршама белді тұлғалары бой көрсетпек. Олардың қатарында Илья Ильин, журналист Асхат Садырбай, Алина Абдрахманова, Селина Жуматаева, Тілектес Адамбеков, Ирина Тен және Әйгерім Есенгелді бар. Сериалдың бас кейіпкерінің рөлін танымал актер Мейірғат Амангелдин сомдаған. Жобаның түсірілім процесстері осы жылдың жаз мезгілінде өткен болатын. Республикалық әлеуметтік жобаның қазіргі таңда тек бір ғана сериясы жарыққа шықты. Он сериядан құралған "91-19. TÁÝELSІZDIK JOLY" атты веб-сериалды @9119.kz инстаграм парақшасынан көре аласыздар. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  кадрдан алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы