Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 мамыр, 2020476

Абай жайындағы кинотуындылар

«Абай – дана, Абай – дара». Биыл қазақтың ұлы ақыны, һәкім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай, еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік шаралар өткізілді әлі де өткізілетін болады. Ал, біз өз кезегімізде бас ақын жайында түсірілген фильмдерді топтастырып, назарларыңызға ұсынбақпыз. 

«Абай әндері»

Бұл көркем фильмді режиссерлер Григорий Рошаль мен Ефим Арон көркем және хроникалық фильмдердің  Алма-ата киностудиясында  түсірген. Фильм премьерасы 1946 жылдың 20-шы қаңтарында өтті.«Абай әндері» - бұл ұлы ақынның өмірінде болған айтулы оқиғалардан сыр шертетін биографиялық картина.Сюжеттегі әрекеттер қатаң рулық тәртіп орнаған  Қазақстанның кең байтақ даласында орын алады. Бойжеткен Ажар мен Абайдың шәкірті – Айдар ақын сол тәртіптің құрбанына айналады. Осы кезде Абай нағыз күрескер ретінде қарсы шығады. Махаббат салдарынан қайғыға ұласатын жағдайдан кейін Абай шығармашылыққа ден қояды. «Абай әндері» көркем фильмінің сценарийіне жазушы Мұхтар Әуезов мен Леонид Соболевтың «Абай» атты биографиялық трагедиясы арқау болады. Фильмде Абайдың рөлін актер Қалыбек Қуанышбаев, Айдарды – Қапан Бадыровтар сомдайды. Сонымен қатар картинада Сералы Қожамқұлов, Шәкен Айманов, Әмина Өмірзақова, Қамал Қармысов және басқалары өнер көрсетеді.  

«Абай. Өмірі мен шығармашылығы»

Бұл деректі фильм 1983 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Идея авторы Б.Қанапьяновқа тиесілі. Режиссер Тимурлан Арганчеевтің кинолентасы қазақтың бас ақыны әрі ағартушысының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді. 20 минуттық фильм қара-ақ түсте таспаланған. 

«Абай» 

Бұл тарихи драма Абайдың өмірі, махаббаты мен шығармашылығы жайында баяндайды. Картинада ақын өмір сүрген ортадағы адамгершілік және рулық қарым-қатыс, тұрмыс-тіршілік, қазақ даласының өмірі әспеттеледі. Сюжет желісінде Абай өмірінің қайғылы хикаясы жатыр. Ақын ХІХ ғасырда шығармашылықпен айналысқан еді. Саясатқа да жақын болатын. Ол сондай-ақ, Қазақстанның жазу әдебиетінің негізін қалаушы да. Қайта құру бастамалары оны бір мезетте ұлы да бақытсыз етті. Фильмде басты рөлді Ғабиден Тұрықбаев сомдады. Одан бөлек, Тұңғышбай Жаманқұлов, Димаш  Ахимов, Болат Бейшеналиев, Бикен Раимова және басқалары өнер көрсетті. Абай жайындағы тарихи жоба Франция елімен бірігіп түсірілген. Кинолента 1995 жылы ақынның 150 жылдығына арналып шығарылған. Картинаға Ардақ Әмірқұлов режиссерлік етті. Серік Апрымов, Лейла Ахинжанова, Александр Барановтар фильмге сценарий жазды.  

«Құнанбай»

Бұл фильм ұлы Абайдың әкесі жайында баяндайды. Құнанбай Өскенбайұлы әділ болыс басшысы болатын. Оған кейде қиын тартыстар мен туыстары арасындағы дау-дамайды шешуге тура келетін. Оның алдында әрдайым борыш пен әділеттілік таңдауы тұратын. Кішкентай ұлы Абай болса, әкесінің бұл шешімдерін аса түсінбейтін. Тек жылдар өткен соң ғана, ұлы ақын әкесінің неліктен мұндай әрекеттерге барғандығын түсіне бастайды. Фильмге Тұңғышбай Жаманқұлов режиссерлік қызмет етті. Бас рөлді де өзі орындаған болатын. Онымен бірге бұл картинада Айдос Бектеміров, Майра Омарова, Қаракөз Сүлейменова, Яков Горельников және басқалары рөлдер сомдады. Фильм 2016 жылы жарық көрді. 
 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  youtube.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы