Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 маусым, 2021230

Әділхан Ержановтың «Бой Атбая» кинофильмі толық көрсетілімге шықты

Талантты режиссердің танымал картинасы енді онлайн кинотеатрда эксклюзивті түрде көрсетілетін болады.

Осы жылдың 4 маусымынан бастап HD КиноПоиск онлайн-кинотеатрында Әділхан Ержановтың  «Бой Атбая» спорттық боевигінің премьерасы өткен болатын. Бұл ең көп талқыланған отандық кинокартиналардың бірі болған кинолента. Көрермен үшін қазақстандық кинофильм ресейлік ірі стримингтік сервис сатып алған екінші эксклюзивті жоба болды.

Әсел Сәдуақасова - фильмнің продюсері:

«Біз фильмді осы көктемде кинотеатрларда көрсетуді жоспарлаған болатынбыз, бірақ дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіп, картинаны бірден стримнг кезеңінде шығаруға шешім қабылдадық. HD КиноПоиск онлайн-кинотеатры өзінің эксклюзивті жобалары үшін «Бой Атбая» кинолентасын таңдағаныны үшін өте қуаныштымыз», - деп бөлісті.

«Бой Атбая» кинолентасы көшедегі ұры Атбайдың оқиғасын баяндайды. Ол болашақта жанұясымен бірге зәулім сарайдай кең үйде тұруды армандайды. Күндердің бір күнінде оған үлкен турнирде бақ сынауға ұсыныс түседі. Жарысқа өте үлкен суммадағы ақшалай жүлде тігіліп отырғаны Атбайды қызықтырады. Бірақ турнирдің әділ өтпейтіндігі оны қатты мазасыздандырады. Дегенмен де жеңімпаздар алдын-ала анықталған кәсіби турнирге қатысуға бел байлайды. Бірақ Атбай жеңіске жетуге ұмтылады, өйткені ол үшін бұл жаңа өмірдің бастауы мен өз арманына деген үлкен жол екенін түсінеді.  Сонымен қатар, бұл турнир үлкен спорттағы біріншілікті, өзінің карьерасын және сүйікті қызын қайтаруға мүмкіндік болатынын анық біледі.

Картинадағы басты рөлдерді Данияр Алшынов, Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәди, Динара Бақтыбаева және тағы басқалары бой көрсеткен болатын.

Отандық фильм біршама ауқымды және беделді шетелдік кинофестивальдерде көреремен назарына ұсынылып, көптеген белгілі кино байқауларда жүлделі орындар мен қазылар алқасының арнайы марапаттарына қол жеткізіп жүрген болатын. «Бой Атбая» кинофильмі Варшавадағы халықаралық кинофестивальдің негізгі байқауына қатысып, Якутиядағы ХКФ-да бас жүлдені жеңіп алды. Басты ерлер рөлін сомдаған Данияр Алшынов Атбай бейнесін сомдағаны үшін New York Film Awards Awards байқауында Үздік актер атанды. Maverick Movie Awards сыйлығының ұйымдастырушылары фильмге бірден екі сыйлық табыстады. Олар: «Үздік фильм» және «Үздік актер» сыйлықтары болды.

«Бой Атбая» фильмінің дистрибьюторы ретінде "Art Dealers" компаниясы жұмыс істеген болатын.

Жандос Айбасов -  «Art Dealers»  компаниясының продюсері:

«Әділхан Ержанов - отандық авторлық кинематографтың ішіндегі ең таңдаулы маманы. Әлемнің көптеген елдерінде қазіргі заманғы қазақстандық кино дәл осы есіммен ассоциацияланса керек. Ол өз фильмінің онлайн-дистрибуциясын біздің компанияға сеніп тапсырғанына қуаныштымыз", - деп өзінің ойымен бөлісті.

КиноПоиск HD онлайн-кинотеатрында «Бой Атбая» картинасының режиссерлік нұсқасы мен цензурасы бар нұсқасы қолжетімді түрде тамашалй аласыз.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы