Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 мамыр, 2021321

Әділхан Ержановтың «Сары мысығы» Батуми қалысында көрсетіледі

«Содружество» ТМД халықаралық кинематографистер мектебінің бесінші маусымы 2021 жылы 26 мамыр мен 2 маусым аралығында Батуми қаласында өтеді. Мәдени іс-шарада посткеңестік кеңістіктің кинематографистері түсірген өткен маусымдағы ең танымал фильмдердің премьералары болады.

Олардың қатарында Дито Цинцадзенің «Вдох – выдох» («Дем  алу –дем шығару» (Грузия), Михаил Сегалдың «Глубже!» («Тереңірек!») Алексей Федорченконың «Последняя милая Болгария»  («Соңғы сүйкімді Болгария») (Ресей) және Әділхан Ержановтың «Желтая кошка» («Сары мысық») (Қазақстан) фильмдері бар. Конкурстан тыс көрсетілім санаты Георгий Данелияның «Не горюй!» ( «Қайғырма!») классикалық фильмімен ашылады.

Іс-шараға Грузия, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украинадан (барлығы 10 ел) 60-тан астам киногерлер қатысады. Латвия, Литва, Молдова және Эстония режиссерлері кино мектебінің жұмысына онлайн режимінде қатысады. Кино мектебі аясында посткеңестік елдерден қысқаметражды фильмдер (30-дан астам фильм) байқауы, конкурстан тыс көрсетілімдер, кинокөпірлер, шеберлік сыныптары және халықаралық кинематографиялық ынтымақтастыққа қатысты проблемаларға арналған дөңгелек үстелдер өтеді.

Дәстүр бойынша киномектептің конкурстық бағдарламасын қатысушылардың өздері бағалайды (рейтингтік дауыс беру арқылы). Сонымен қатар, киномектептің дипломдарын Ресей мен Грузиядан келген киноконкурс кураторлары мен БАҚ өкілдері табыстайды.

Кино мектебі шеңберінде жас режиссерлердің халықаралық кинофильмдерге қатысу және халықаралық кинофестивальді насихаттау мәселелеріне арналған дәрістер өтеді деп күтіліп отыр.

Өткен жылдары киномектептің жұмысы барысында 160-тан астам фильм көрсетілді және оның спикерлері Александр Сокуров, Александр Миндадзе, Александр Котт, кіші Алексей Герман (Ресей), Александр Рехвиашивили (Грузия), Карен Геворкян (Армения - Ресей), Сергей Тримбах (Украина) және басқалар сияқты танымал режиссерлер болды.

«Содружество» киномектебіне ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (IFES) қолдау көрсетеді. Кино мектебінің ұйымдастырушысы – «M Premiere» кинокомпаниясы.

«Сары мысық» – режиссер  Әділхан Ержановтың 9-шы толықметражды фильмі. Фильмнің әлемдік премьерасы былтыр 77-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиектер» байқау бағдарламасының аясында өтті. Кейін бұл фильм бірқатар басқа фестивальдерге қатысып, бірнеше марапатқа ие болды, соның ішінде Қытайдағы Silk Road IFF-тің арнайы сыйлығы, Батуми кинофестивалінің «Үздік режиссер» сыйлығы және «Мәскеу премьерасы» фестивалінде киносыншы қазылар алқасының жүлдесі бар.

Фильм қазақстандық «Бони мен Клайд» туралы әңгімелейді: қылмысқа белшесінен батқан Кермек атты жас жігіттің және адасқан қыз Еваның жолында болған қиындықтар туралы, ерлі-зайыптылар және олардың аяусыз әлемге қарсы тұруы туралы махаббат хикаясы.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы