Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 сәуір, 2021221

Әділхан Ержановтың «Желтая кошка» картинасы енді Германияда

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов түсірген  «Желтая кошка» отандық кинокартинасы ағымдағы жылдың 20-26 сәуір аралығында Германияның Висбаден қаласында ұйымдастырылатын GoEast-2021 кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетіледі деп жоспарлануда.

Кинофестиваль 2001 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Орталық және Шығыс Еуропаның жыл сайынғы өтетін белді кино байқауы. Кинокөрсетілім алты айдан кейін өтетін дәстүрлі Cottbus Film Festival фестиваліне ең перспективалы қосымша болып табылады. Ұйымдастырушылар Франкфурттағы неміс кино институтымен тығыз ынтымақтастықты қолдайды және ол байланыстың қарқынды дамуына өз үлестерін қосады. Биыл фестивальдің көп бөлімі онлайн режимде өтеді деп күтілуді. Алайда, оффлайн шаралар да аз емес. Кинофестивальде барлығы 92 кинолента бақ сынайтын болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Желтая кошка» - режиссер Әділхан Ержановтың 9-шы көркем толықметражды кинокартинасы. Фильмнің бүкіл әлемдік түсау кесері өткен жылы жетпіс жетінші Венеция кинофестивалінде өткен болаты.  Конкурстық бағдарлама «Горизонты» деп аталған болатын. Араға біраз уақыт салып, отандық кинотуынды біршама көптеген байқаулар мен кинофестивальдерге шақырту алып,  көптеген марапаттар мен номинацияларға ие болды, ол байқаулардың қатарында Қытай елінде өткен Silk Road IFF кинобайқауында қанжығаға байланған арнайы сыйлық номинацииясы да бар, одан бөлек, Батуми кинофестивалінде «Үздік режиссер» атты марапаты, сондай-ақ Мәскеу премьерасы фестивалінде кино сыншы қазылар алқасының арнайы сыйлығы да бар.

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайд» оқиғасын баяндайды - бұл қылмысқа барған жас кермек пен өз жолынан адасқан Ева есімді бойжеткен арасындағы махаббат оқиғасы, ерлі-зайыптылардың арасындағы қиындықтар және олардың дұшпандық әлемге қарсы тұруы туралы. Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нигманов сомдаған. Актер Азамат Нигмановты көрермен Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шальопаның «28 панфиловшылар»  кинофильмдерінен біледі. Еваның рөлін қазақстандық жас актриса Камила Нұғманова сомдап шыққан. Актриса бұрын Нариман Төребаевтың «Грязь большого города» және Әлішер Сүлейменовтың «Шатырдағы бұлт»  киноленталарында ойнаған. Екі актер үшін  «Желтая кошка» режиссер Әділхан Ержановпен бірге жұмыс істеген алғашқы жобасы әрі тәжірибесі болғаны рас. Жамбастың криминалдық беделінің рөлінде Ержановпен бірге жұмыс істеген актер Санжар Мәди «Атбай жекпе-жегі» және «Ұлболсын» фильмдерінде бой көрсеткен. Сондай — ақ, фильмге Ержановпен бірнеше рет жұмыс істеген актерлер де ат салысқан. Олардың қатарында, Еркен Губашев пен Ержан Жаманқұловтар бар.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы