Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 ақпан, 2021376

«Ағайынды» фильмі көрермен назарына ұсынылуға шақ қалды

Отандық режиссер Дархан Төлегенов өзінің тырнақ алды туындысын аяқтап, көрермен назарына ұсынуға дайындалу үстінде. «Ағайынды» деп аталатын туынды өткен жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші жобалар питчингінде жеңіске жетіп, мемлекеттік қаржыландыруға ие болған.

Киногердің айтуынша, ағайындылардың тағдыры түйісетін фильм түсіру идея аяқасты ойға келген екен әрі жеке өмір тәжірибесінен алыныпты.

Сюжет желісі бойынша балалар үйінің түлегі Ақжол әкесінің тірі екендігіне сенімді. Сол себепті оны іздестіруді жөн санайды. Енді болбала балалар үйінен кетіп, өз әлемін құрып, бақытты өмір сүрмек. Алайда, барлығы ойлағандай керемет болып шықпайды. Жігіт Димаш есімді жаңа көршісімен танысқан соң, өмірі криминалдық әлеммен байланысады. Жастар бірге түрлі шабуылдар мен қарақшылықтарды ұйымдастырады. Алайда кенеттен туысын кездестіріп, онымен сөйлескеннен кейін Ақжол туған бауырының барын біледі. Тек ол бала мүлде бөлек әлеуметтік ортаның адамы екен. Дегенмен ағайындар кездескен соң, әкелерін бірге іздеуге кіріседі.    

Режиссердің пайымдауынша, әр көрермен бұл хикаядан өзіне маңызды бір нәрсе ашуы керек. Өзі үшін бұл туыстық байланыстың маңыздылығы екен.  

Картина режиссерінің сөзіне қарағанда, «Ағайынды» фильмін алға жетелеу үшін авторлар барлық жолдарды қарастырмақ: фестивальді алаңдардан бастап, стримингтік платформалар мен кинотеатрларда да көрсетуді көздеп отыр.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы