Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2020341

«Әкім» жалғасын табады

«Әкім» фильмінің екінші бөлімі биылғы жылдың желтоқсанында жарыққа шығады. Бұл туралы картина режиссері, продюсері әрі сценарисі Нұртас Адамбай хабарлады. Бірнеше апта бұрын киномайталманы сценарий жазып жатқанын мәлімдеген болатын. Демек, жазба жұмыстары аяқталып, түсірілім карантин біткен соң басталатын секілді.

Бірінші киноның желісін еске түсіретін болсақ. Бұл - жоғары мансапқа ие болғысы келген қалалық жігіт жайындағы хикая. Діттеген лауазымға қол жеткізу үшін оған ең төменгі сатыдан бастауына тура келеді. Ол үшін Азамат шалғайдағы ауылға барып, жергілікті жердің әкімі лауазымына тағайындалады. Бұл қызметтен бас тарта алмаған соң, оған келісуден басқа амалы жоқ. Алайда, ауылдағы шешілмей келген көкейкесті мәселелерді көретін жас әкім өмірге басқа қырынан қарайды әрі ауылдағы ағайынға көмегін көрсетуге барын сала бастайды.

Фильмнің алғашқы бөлімі өткен жылдың қарашасында қазақстандық прокатқа шығып, көрерменнің көңілін жаулаған еді. Енді араға тура бір жыл салып, фильм жалғасын табады.

«Картинаның екінші бөлімі биылғы жылдың желтоқсанында жарық көретінін қуана хабарлаймыз», - деді Адамбай өзінің желідегі парақшасында. Сонымен қатар, «Әкімнің» алғашқы бөлімі таяуда желіге шығатынын да мәлім етті.

«Әкімнің» екінші бөлімінде сценарист сюжет желісін қай жаққа бұратыны әзірге беймәлім. Алайда, басты рөлді Нұртас Адамбайдың өзі сомдайтыны сөзсіз. Ал, комедияның бастапқы бөлігінде Қайрат Әділгерей, Әшім Ахметов, Гүлназ Жоланова, Дархан Дайырбектер өнер көрсетті.

Айта кетейік, Нұртас Адамбай осы уақытқа дейін комедия мен драма жанрларында тоғыз кинокартина шығарған. Сәтін салса, бұл фильм оның оныншы төл туындысы болмақ.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы